Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант (200 АЕК) 1225 азаматқа 680,1 млн. теңге жоспарланып, 1225 азаматқа 680,1 млн. теңгеге грант беріліп, игерілді.
(614 отбасы аз қамтылған көп балалы отбасы, жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі 19 азамат, 29 жасқа дейінгі жастар 203, оралман (қандастар) 2 азамат, жұмыссыз 387 азамат)
Жастар практикасына бағдарламасына меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтағаннан кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жасқа дейінгі түлектері қатарындағы ауылдық округтердегі жұмыссыз жастарды қамтамасыз етуге 73,1 млн. теңге қаржы бөлініп (республикалық және жергілікті бюджет есебінен), 300 жас маманға жолдама берілді. (тұрақты жұмыспен қамтылғаны 252 немесе 84 %-ды құрады) әр түрлі мамандықтар бойынша (әлеуметтік саласына, денсаулық саласына, білім саласына, мәдинет саласына) жұмыспен қамтылып, жолданған.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан пайдалы аймақты көркейту жағдайды жақсарту, санитарлық тазалау жұмыстарына көмектесуге әр ауылдық округке тиісті аумақты күл қоқыстан тазартып, көгалдандыру үшін 320,5 млн. бөлініп, 1164 жұмыссыз адам жұмысқа тартылды. (атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтар, борышкерлер (алимент төлеушілер).(01.01.2021 ж)
Фота интернеттен алынды https://images.app.goo.gl/1HjyxiVBiCxNnktu7