• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нұржан Нұржігітов: Әр отбасының тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету керекпіз

turan_admin turan_admin
10.02.2023, 18:28
Облыс жаңалықтары
Нұржан Нұржігітов: Әр отбасының тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету керекпіз
901
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әр отбасының, әр ауланың тұрақты табысының болуы маңызды. Ол үшін жергілікті жерлерде тек бюджет есебінен ғана емес, инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу керек. Тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту арқылы олардың көптеген әлеуметтік мәселелерін шешуге жол ашылады. Бұл туралы Меркі ауданына жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов баса айтты.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі бұл жолы Меркі ауданына қарасты Ақтоған және Т. Рысқұлов ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты.

Алдымен Ақтоғанда өткен кездесуде округ әкімі Данияр Абдіразақ өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Екі елді мекеннен тұратын округ аумағында «Тілеміс батыр» ЖШС мен 85 шаруа қожалығы және 57 жеке кәсіпкер тіркелген. Сонымен қатар, ауылдық дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, ветеринариялық пункт, мәдениет үйі, екі мектеп, шағын орталық пен жеке меншік балабақша, «Қазпочта» бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Ауыл бойынша жалпы жердің көлемі 12639,9 гектар. Егістік жердің аумағы 5779,9 гектарды құрайды десек, ол толығымен игерілуде. Бұған дейін 9 қой шаруашылығы мен 6 МІҚ шаруашылығы субсидия алып, жұмыстарын жүргізуде. Есепті кезеңде 62200,0 мың теңгеге 11 дана түрлі ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған.

Сұрақ-жауап кезегінде өңір басшысы тұрғындарды толғандырып жүрген түрлі салаға қатысты сауалдарға облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жауап берді. Ауылдықтар жер, көшелерді жарықтандыру, жайылым, газ, экологияға қатысты мәселелерді көтерді.

Т. Рысқұлов ауылдық округінде өткен кездесуде де аймақ басшысы тұрғындардың өзекті сауалдарына жауап беріп, кейбір жайттар бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

— Барлық сұрақтар назарға алынады. Жергілікті билік мәселелерді шешу бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыра береді. Даму жоспары аясында атқарылатын шаралар ел игілігіне негізделген.

Ауыл әкімдері әр ауланың табысының болуына айрықша мән беруі тиіс. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға күш салу керек.

Бұл тұрғыда тұрғындардың жергілікті билікке деген сенімі аса маңызды. Екі жақтан ортақ жауапкершілік болуы қажет.

Қандай жағдайда да заңдылық пен тәртіп, қоғамдық келісім сақталуы тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.

Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.