• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:49
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нұржан Нұржігітов: Білім сапасы — басты назарда болуы тиіс

turan_admin turan_admin
07.04.2023, 15:14
Облыс жаңалықтары
Нұржан Нұржігітов: Білім сапасы — басты назарда болуы тиіс
248
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Елімізде білім сапасын арттыру, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамту, білім ошақтарының инфрақұрылымын жақсарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл мен қала мектептерінің алшақтығын, апатты, үш ауысымды мектептерді жою, жастардың техникалық және кәсіптік білім игеруіне жағдай жасау, жоғары оқу орындарын бәсекеге қабілетті ету секілді шаруаларды атқару кезек күттірмейтін мәселе. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте айтылды.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен басқосуда «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының орындалу барысы қаралды. Білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек ұлттық жобада атап көрсетілген 5 негізгі міндеттің 4-еуі, 15 нәтижелі көрсеткішттің 12-сі білім саласына қатысты екенін айтты.

– Бүгінде басқарма тарапынан белгіленген 11 көрсеткіш толығымен орындалды. 1 көрсеткіштің орындалуы халықаралық салалық стандарттарға сәйкес 2025 жылға тиесілі болып тұр.
Ұлттық жобадағы 2-ші міндет – орта білім беру сапасын арттыру, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту. Осы мақсатта кешенді шаралар қабылдануда. Соның бірі – Қазақстанның білім беру жүйесіндегі оқу жетістіктерін бағалау құралдарына – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі. Бұған халықаралық зерттеулер жатады. Осыған сәйкес өткен жылы білім алушылардың білім жетістіктеріне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 4 сынып оқушылары — 21,52 балл, 9 сынып оқушылары — 48,5 балл жинап, республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Ағымдағы жылы мониторинг сәуір айында өтеді. Оған жалпы мектептердің 25 пайызы қатысады, – деді Мейірхан Өмірбеков.

Сондай-ақ аталған басқарма басшысы ҰБТ нәтижесі облыстық көрсеткіштен төмен болған кейбір аудандарды атап, аталған міндеттер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұдан бөлек құрылысы кешігуі мүмкін мектептердің жай-күйі де талқыланды.

Облыс әкімі кейбір мәселенің өз шешімін табуы қаржыға байланысты болатынын баса айтып, М. Өмірбектен индикаторлық көрсеткішке қол жеткізуде биыл республика және облыстық бюджеттен қанша қаржы қаралғанын сұрады.

– Білім сапасына қатысты жүргізілген монтиторинг бойынша облыстың 4 сынып оқушыларының нәтижесі бойынша республикада 5 орында боламыз, ал 9 сынып бойынша 7 орынға түсеміз. Сонда 5 жылдың ішінде біз білім сапасын қалай жоғалтып алдық? Егер облыстағы педагогтер өз жұмысын «біз 5 орында қалуымыз керек» деген ұстаныммен атқаратын болса, бұлай болмас еді. Ал біз 5 жылдың ішінде нәтижені екі сатыға төмендетіп алдық. Мұны қалай түсінуге болады? – деді аймақ басшысы.

Басқарма басшысы барлық мәселе терең талдаудан кейін туындайтынын айта отырып, қазіргі таңда мектеп олимпиадаларының көрсеткіштері бойынша қай мектепте, қай мұғалімнің қандай жетістігі барына, ҰБТ дәрежесі бойынша қай мектеп төмен дәрежеде тұрғанына талдау жасалып жатқанын сөз етті. Оның айтуынша, тіпті білім сапасында ілгерілеу жоқ мектеп басшысының қызметіне сәйкес еместігі мәселесін қарауға дейінгі шаруалар қолға алынып жатыр екен.

– Облыста 26 мың мұғалім бар болса, олардың кәсіби деңгейі, яғни ең жоғары дәреже – «Шебер мұғалім». Бұл бізде екі пайызға да жетпейді. Өңірде 485 мектеп бар болса, сонда орта есеппен алсақ, бұл кейбір мектепте «Шебер мұғалім» жоқ деген сөз. Ең бастысы – педагогтердің кәсіби деңгейін көтеруіміз керек. Мұғалім үнемі өзінің кәсібилігін арттырып отыруы қажет. Ал мынандай көрсеткішпен біз облыстағы білім деңгейін қалай көтереміз? Әр мектепте кем дегенде 1 «Шебер мұғалім болуы керек, олар ұжымды алға сүйрейді. Қателеспесем Мойынқұм ауданындағы Мыңарал ауылында 4-5 «Шебер мұғалім» бар. Елді мекен шалғайда орналасса да ол мектеп, ондағы ұстаздардың білімге деген талпынысы жоғары. Біз осындай мектептерді өзгелерге үлгі етуіміз керек, – деді Н.Нұржігітов.

Бұдан бөлек облыс әкімі оқушылардың қатысуымен жасалған қылмыстарды азайту мәселесіне де назар аударды. Осы және басқа да кемшіліктер бойынша тиісті аудан әкімдері мен сала қызметкерлерінен жауап алды. Ауылдық жерді жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз ету ісіне мән беріп, жауаптыларға мектептерді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауды тапсырды.

Басқа да мәселелер бойынша тиісті тұлғаларға міндеттер жүктеді.

Басқосуда екінші мәселе бойынша облыс әкімдігінің бірқатар басқармаларының қаулы жобалары қаралды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.