• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.11.2026, 10:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мырзабосынов алқа мәжілісін өткізді

Елордада Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті

turan_admin turan_admin
30.01.2026, 09:36
Қазақстан жаңалықтары, Спорт
Мырзабосынов алқа мәжілісін өткізді
132
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Астана. ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен министрліктің дене шынықтыру және спорт, туризм, ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2025 жылғы қызметі мен 2026 жылға қойылған негізгі міндеттері жөніндегі кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті. Іс-шараға Қоғамдық кеңестің өкілдері, сала ардагерлері, атақты спортшылар мен құрметті жаттықтырушылар, отандық туристік бірлестіктер мен ассоциациялар, жергілікті атқарушы органдар мен ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев 2025 жылы атқарылған жетістіктер мен 2026 жылға арналған жоспарларды баяндады. Серік Жарасбаев спорт саласының елдің абыройын асқақтатып, ұлттық рухты көтеретін стратегиялық маңызына тоқталды.

«2025 жылы «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға бірқатар түзету енгізіліп, басқару тиімділігі арттырылды. Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды, «спорттың басым түрлері» анықталып, аккредиттелген спорт федерацияларының қызметіне жаңа талаптар енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттік спорт ұйымдарының басшылары ротацияланып, өңірлік басқармалар KPI жүйесі бойынша бағаланады», – деді ол.

Бұқаралық спортты дамытуда 2025 жылы 8,5 млн адам жүйелі түрде спортпен айналысқан, бұл халықтың 44,5%-ын құрайды. Мақсат – 2029 жылға қарай көрсеткішті 50%-ға жеткізу. 240 мың бала 7 мыңнан астам үйірмеге тегін қатысып, жергілікті бюджеттерден 50 млрд теңге қаражат бөлінді. 2025 жылы елде 147 спорт нысаны, оның ішінде ауылдық жерлерде – 107, қалаларда – 40 спорт ғимараты пайдалануға берілді. 2026–2028 жылдарға арналған спорттық инфрақұрылымды дамытудың Жол картасы әзірленді, оған сәйкес 86 спорт нысанын салу жоспарланған. Биылғы маңызды оқиғалар – Милан-Кортина қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпия және XIV Паралимпия ойындары. Қазақстан құрамасынан Олимпиадаға 36, Паралимпияға 7 спортшы қатысады. Жиын барысында Серік Жарасбаев туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Министрдің орынбасарының мәліметінше, елімізде туризм тұрақты өсім байқалады.

«2025 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 6,7 млн адамға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 741,3 мыңға өсті. Елге келген шетелдік туристер саны 15,7 млн адамға жетіп, орналастыру орындарының табысы 268 млрд теңгені құрады. Туризмге инвестиция көлемі 1,254 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға өсті. Басым бағыттар – Алматы тау кластері, Щучинск-Бурабай және Маңғыстау туристік өңірлері. Бурабайда 10 шақырым веложол, 8 шолу алаңы, 4 автотұрақ пайдалануға берілді. Маңғыстауда ерекше табиғи нысандарға қолжетімділікті арттыру жоспарланған», – деді С.Жарасбаев.

Туристік өнімдердің географиясы 1 100-ден астам турға жетіп, кәсіби кадрларды оқыту және қызмет көрсету сапасын арттыру жалғасуда. Ал Туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков 2025 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігі құмар ойындар саласында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытында жүргізген ауқымды заңнамалық жұмыстар мен саладағы негізгі өзгерістер туралы баяндады. Сондай-ақ, Алқа мәжілісінде Kazakh Tourism Development ЖШС директоры Ержан Мәлікұлы Еркінбаев, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев, «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі Нұрғали Тұрсынғазиев баяндама жасады.

Тегтер: Ербол Мырзабосынов
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

Әулиеата өңірінде бокстан Қазақстан чемпионаты өтті

12.11.2026, 10:34
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

138 stem-кабинеті және 10 IT-хаб: «Әділет» партиясының білім беру бағытындағы жоспарлары таныстырылды

12.11.2026, 20:07

Рысбеков Ескендір Нұрдәулетұлы: «Халық сенімі – менің басты жауапкершілігім!»

12.11.2026, 16:28

Вице-министр жолаушыға медициналық көмек көрсетті

12.11.2026, 14:58

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21

«Жазушымен бір күн» жобасы Берік Шаханұлының шығармашылығына арналды

12.11.2026, 10:51

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.