«Меркі-Шапағаттың» аудандағы мерейі үстем
Қоғамдағы оң өзгерістер, түрлі саяси науқандар, Елбасының жыл сайын дәстүрлі түрде халыққа бағытталған жолдауы – мұның бәрі қашанда қарапайым халық пен ауыл тұрғындарына түсіндіруді, насихаттауды қажет етеді. 2014 жылдың ақпан айынан өз жұмысын бастап, бүгінде тұтас ауданның бағдаршысына айналған «Меркі-Шапағат» жастар қоғамдық бірлестігі осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жасап келеді. Ұйымды алғаш құрылған сәтінен бастап Әтіркүл Исаева басқаруда. Әтіркүл Тәжібекқызы бірлестік жұмысының алға жылжуына бар күшін сарқып, ел мен ұлт мүддесі үшін күні бүгінге дейін ел ауыз толтырып айтып жүрер істерді атқарды. «Меркі-Шапағат» ұйымының мақсаты ауыл жастарының қоғамдағы белсенділігін арттыруға үлес қосу, олардың өмірлік қажетті заңдарды білуіне көмектесу, оларға бағыт-бағдар беру болып табылады.
Айналада болып жатқан жаңалықтарға үн қосуына ықпал етіп, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар туралы халықты құлағдар қылып, бұқараның кәсіпкерлікке келулеріне жол ашып келе жатқан ұйым үлкен жетістіктерге ие. Ұйым 2014 жылы Елбасы Жолдауын талқылап, насихаттау бойынша әлеуметтік тапсырысты ұтып алып, 14 ауылдық округте, оның ішінде ұйым-мекемелерде болып, дөңгелек үстелдер, пікір алмасулар, семинарлар өткізді. Әтіркүл Исаева бастаған ұжым 2015 жылы « Қазақ хандығының 550 жылдығын насихаттау және түсіндіру» тақырыбы бойынша әлеуметтік тапсырысқа ие болып, жан-жақты үлкен шаруалар атқарылды. 14 ауылдық округте тұрғындармен, оның ішінде жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Қазіргі Жамбыл облысының аумағында Қазақ хандығының құрылуы, оның мәні мен маңызы, тарихтағы орны және т.б. туралы жастар арасында түсіндірме жұмыстары бүгінгі таңда оң нәтижесін беріп отыр. Ұйым ағымдағы жылы әлеуметтік тапсырыс бойынша 5 тақырып жеңіп алды. Олар: Елбасы Жолдауы, «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, гендерлік саясат және дәстүрлі мес діни ағымдардық алдын алу. Аталған теамтикалар бойынша 14 ауылдық округтің барлығында жиындар өткізіліп, лекциялар оқылуда, түрлі сұхбаттар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда.
Әтіркүл Тәжібекқызы әлеуметтік тапсырыстан бөлек, ұйым-мекемелерде, орта мектептерде, балабақша қызметкерлері арасында, колледждерде, Жастар ресурстық орталығының мамандары арасында түрлі тақырыптарда өтетін іс-шараларға қатысып, белсенді түрде өз пікірін білдіріп келеді. Ұйым басшысы өз көрегенділігі мен елге деген жанашырлығының арқасында облыс әкімінің есеп беру жиынында ауданның балабақша жөніндегі мәселесін облыс әкіміне жеткізіп, ескі балбақшаның ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге 144 млн. теңге бөлінуіне ықпал етті. Қазір аталған «Айым» балабақшасы толыққанды жөндеуден өтіп, ел игілі үшін жұмыс жасауда.
Бүгінгі таңда ұйым Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын көпшілікке түсіндіруді қолға алған. Бұл ретте аудан, облыс өмірінен мысалдар келтіре отырып, мақаланың мақсаты мен алға қойып отырған міндеттерін қарапайым ауыл халқына таныстыру жұмыстары белсенді түрде іске асуда.
«Меркі-Шапағат» ұйымының үлкен мақсаты — аудан тұрғындарының, әсіресе, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал ету, Елбасы мен ел үкіметінің алға қойып отырған міндеттемелір халыққа түсінікті түрде жеткізе отырып, олардың жүзеге асырылуына үлес қосу, жастардың қоғамнан тыс оқшауланып қалуына жол бермеу болып табылады. Әтіркүл Исаева басқарып отырған ұйымның қоғамның, мемлекеттің үлкен қозғаушы бөлігі, негізгі капиталы ауыл халқы мен ел жастарының болашағы үшін атқарып жатқан игі жұмыстары оң нәтижелерге жетсін деген ниеттеміз.
TURANINFO.KZ