Қазанғапова Гүлнұр Қалдибекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.
2005 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолы:
- 2006 ж. – Қарағанды қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында невропатолог-дәрігер;
- 2007–2011 жж. – Қарағанды облысы, Аскаров аудандық орталық ауруханасында невропатолог-дәрігер;
- 2011–2013 жж. – Қарағанды облысы, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында невропатолог-дәрігер;
- 2013–2019 жж. – Жамбыл облыстық ауруханасының неврология бөлімшесінде невропатолог-дәрігер;
- 2019–2020 жж. – Жамбыл облыстық ауруханасының күндізгі емдеу бөлімшесінің меңгерушісі;
- 2020–2023 жж. – Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының медициналық оңалту бөлімшесінің меңгерушісі;
2023 ж. маусым айынан бастап – Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.







