• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мерейтойлық Kitap Fest Almaty кітап фестивалінің келушілерін не күтеді?

«Kitap Fest» кітап фестивалі ‒ бұл жыл сайын еліміздегі ірі мегаполисте кітап сүйер қауымды бір мезетте қауыштыратын алматылықтардың өміріндегі айтулы мәдени-бұқаралық шара.

turan_admin turan_admin
11.09.2024, 18:20
Қазақстан жаңалықтары
Мерейтойлық Kitap Fest Almaty кітап фестивалінің келушілерін не күтеді?
66
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба биыл өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Биылғы фестиваль жылдағыдай қала күніне орайластырылған! Мерейтойлық фестиваль «BAURZHAN foundation» қоры, Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасының және Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

«Kitap Fest» ‒ Қазақстандағы алғашқы және бүгінгі күнге дейін ең ірі кітап думаны саналады. 10 жыл ішінде фестивальге 70-тен астам баспалар мен кітап дүкендері қатысып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 500-ге жуық кітап таныстырылды.

Биылғы жылы «Kitap Fest Almaty» бағдарламасы ерекше. Фестиваль екі күн қатарынан өтеді. Тақырыбы да заманауи «Келешек кітабы». ​​​​​Екі күн бойы келушілерді ауқымды мәдени бағдарлама, қазақстандық жазушылармен және танымал тұлғалармен кездесу, кітап алмасу, көптеген жаңа кітаптардың тұсаукесері, кітаптар көрмесі, шеберлік сыныптары, байқаулар, өлең оқу, балаларға арналған танымдық бағдарлама, мұнымен қоса отандық баспагерлер мен кітап дүкендерінің қатысуымен өтетін үлкен кітап жәрмеңкесі күтеді.

Сонымен қатар, фестивальде дәстүрлі «Ауылға кітап» акциясы өтеді, онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады. Фестиваль 14-15 қыркүйекте екі күн қатарынан, сағат 10.00-18.00 аралығында, Алматы қаласындағы Арбатта өтеді.

KitapFest Almaty 2024 аясында: 

  • «Жазушылар шатыры». Жаңа кітаптардың тұсаукесері, авторлар мен жазушылармен сұхбат.
  • «Қазақ қаламгерлері». Қазақ тілді жазушылардың отандық әдебиеттің дамуы туралы баяндамалары.
  • «ZHAS ALASH» шатыры. Қазіргі қоғамның жас көшбасшылары кітап оқудың пайдасы туралы пікір айтып, сүйікті шығармаларымен бөліседі.
  • «Kitap FEST WOMEN» шатыры. Әр түрлі салада жетістікке жеткен әйелдердіңдәрістері мен табысқа жетудің құпиялары және т. б.
  • Кітап жәрмеңкесі. 60 жетекші баспа мен кітап дүкендері өз кітап өнімдерін 40% — ға дейінгі жеңілдікпен ұсынады.
  • Сирек кітаптар көрмесі. Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған кітаптар көрмесі.
  • Иллюстраторлар көрмесі. Үздік 35 иллюстратордың жұмысы ұсынылады.
  • «Оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесі. Мерейтойлары атап өтілетінтұлғалардың мұрағаттық фотосуреттерінен фотоколлаж
  • Елшіліктер көрмесі — робототехника бойынша шеберлік сыныптары, speakingclub.
  • «Кітап алмасу». Өз сөреңізді әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптармен толықтырудың бірегей мүмкіндігі.
  • Жыр терапиясы— Жас ақындардың өнері, поэзия кеші
  • Зияткерлік ойындар – 3 сұраққа жауап бер де, сыйлық ұтып ал!
  • Балаларға арналған ойын-сауық. (Аниматорлар, шеберлік сыныптары, бет бояуы, тәттілер, түрлі байқаулар).
  • Ұтыс ойындары-1 млн теңгеге 100-ден астам кітап сертификаттары ойнатылады.
  • «Ауылға кітап» акциясы- Фестиваль аясында барлық жиналған кітап ауылдық мектептерге жіберіледі.

* Анықтама: BAURZHAN Foundation қоры әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысады. KITAP FEST фестивалінің мақсаты-өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін дамыту, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құру.

 

 

Тегтер: 10 жылдық мерейтойАлматыАрбатКітап фестиваліКітапФЕСТ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.