Менингит — өте қауіпті ауру, өйткені ауыр жағдайларда оның соңы өлімге әкелуі мүмкін. Әсіресе, балалар үшін ол үлкен қауіп туғызуы мүмкін.
Менингококкты менингит – ми қабығының, миды қоршап тұрған қабықшалардың және ми қабықтарының инфекциясымен сипатталатын ауру.
Соңғы деректер бойынша, Жамбыл облысында жыл басынан бері вирусты менингитпен 14 жасқа дейінгі 6 бала ауырған.
Менингококк бактериясының берілуі — ауа арқылы, тыныс алу жолдарының секрециясы және сілекей тамшыларымен жүзеге асады.
Сондықтан, балабақшалар, мектептер, казармалар және дискотекалар сияқты қауымдастықтарда жиі кездеседі.
Бактерия қоршаған ортада, тамақ, сусын немесе заттарда өмір сүре алмайды.
Аурудың бұл түрінен барлық жастағы адамдар зардап шегеді, бірақ 5 жасқа дейінгі (әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда), жасөспірімдер мен жастардың таралуы жоғары.
Аурудың инкубациялық кезеңі 2-10 күн және пациенттер антибиотиктермен емдеуді бастағаннан кейін 24 сағатқа дейін жұқпалы болып саналады.
Симптомдар жасына байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ негізгі белгілер, әрине, алаңдатарлық болуы керек. Олар: жоғары температура, жалпы әлсіздік, бас ауру, құсу, мойын қаттылық, ұстамалар және сананың өзгеруі.
Вакциналар салғызу — бактериалды менингитке және оны тудыратын менингококкқа қарсы жалғыз тиімді профилактикалық құрал болып табылады.
Қазіргі уақытта егудің 3 түрі бар
• С типті менингитке қарсы
• В типті менингитке қарсы
• A, C, W, Y серотиптеріне қарсы төрт валентті вакцина.
Менингококк С-қа қарсы егу 13-15 ай аралығындағы барлық балаларға енгізіледі, бірақ оны тәуекелі жоғары адамдарға алдын ала беруге болады.
Менингококк В вакцинасын өмірдің екінші немесе үшінші айында енгізуге болады. Дозалар саны енгізудің қай жаста басталатынына байланысты өзгереді.
Оны енгізгеннен кейін жиі кездесетін жанама әсерлер: қызару, ісіну және инъекция орнында 1-2 күнге созылатын ауырсыну. Жүйелік реакциялар әдетте 2-3 күннен кейін жойылады
Әртүрлі дәрежедегі аллергиялық реакциялар кейде өте сирек болса да, анафилактикалық шокқа дейін болуы мүмкін, ол егудің алғашқы бірнеше минутында пайда болады және медициналық араласу жылдам болған жағдайда тиісті түрде емделуі мүмкін.
Сондықтан вакцинация жүргізілген мекемеден шықпас бұрын 15-20 минут күту ұсынылады.