• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Мемориалдық тақта – есте тұрар ескерткіш

18.02.2022
0
Мемориалдық тақта – есте тұрар ескерткіш
579
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Осыдан 60 жылдай уақыт бұрын өзі іргесін қалаған сол кездегі Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының жаңа оқу корпусындағы Жастар сарайы бүгінде академик Марс Үркімбаевтың есімімен аталатыны жұртқа мәлім. Кеше М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Гидрокешенінде» Мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық және ұлттық инженерлік академиясының академигі Марс Үркімбаевқа арналған мемориалдық тақта ашылды.

Бұл – білім мен ғылым жолында өлшеусіз еңбек етіп, жастардың келешегі үшін батыл қадамдарға барған азаматқа деген елдің құрметі. Игі іске ұйытқы болған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басшылығы осылайша өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп отыр.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, университеттің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов қатысты. Дәулет Жамаубайұлы бүгінгі игі іс-шараның өңіріміз үшін тарихи сәт болып қалатынын атап өтіп, жоғары білім беру ісін дамытып, ғылымның өрістеуіне жол ашқан, түрлі салада басшылық қызметтер атқарып, ел экономикасын дамытуға үлес қосқан тұлғаның соңында өшпес ізі қалғанын сөз етті. 

– «Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден. Көзіңді ашып жұмғанша. Жылдам хабар алғызды», деген ақын Абайдың өлеңі терең зерделегенге ой саларлықтай. Жастардың келешегі үшін білім алатын оқу кешенін салған Марс Фазылұлы шын мәнісінде, елдің ертеңін ойлаған азамат», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Университет ректоры Талғат Ілиясұлы сыртқы кедергілерді жеңе білетін, әлемдік өзгерістерге қарай, дамудыңбағыт-бағдарын болжай білетін тұлғалардың ісі де ірі болатынын сөз етті. Марс Фазылұлының қанша жыл өтсе де ізі өшпейтіндей ескерткішті өзіне өзі қойып кеткен азамат екенін атап өтті. 

Бүгінде «Гидрокешен» десе, еске академик Марс Үркімбаевтың еске түсетіні, рас. Енді соның тасқа қашалған анықтама сол кешеннің қабырғасына ілініп отыр.

– Қазіргі білім мен ғылым, қоғамдағы көкейкесті қозғалыстар туралы сөз етер болсақ, нар тұлғалы ғалымдар мен мемлекетқайраткерлерінің еңбек жолы мен өмір жолы көз алдымызға келеді. Солардың қатарынан, өзіндік із қалдырған асыл азаматтар арасынан 10 жыл бұрын өмірден өткен Марс Үркімбаевтың есімі тасқа басқан таңбадай-ақ жарқырап тұрғанын көреміз. Ел келешегі үшін батыл бастама көтеріп, өзінің көзі тірісінде осындай өшпес ескерткіш қалдырып кеткен академиктің аты ел аузында қалды.Елімізге «ГИДРО» деген атпен танылған оқу кешеніндегімемориалдық тақтаның ашылуы – соның жарқын дәлелі, — деді Талғат Ілиясұлы.

Отыздан енді асқан шағында институт ректоры болған Марс Үркімбаев  басқарушылық қабілетінің жоғары екенін басқа салаларда еңбек еткен жылдары да айқын көрсете білген. Оның өз идеясына көпті сендіре білетін, айналасындағыларды серпілтіп жүретін жарқын мінезі туралы замандастары жылы естелік айтудан жалыққан емес. Іс-шараға арнайы келген Жамбыл облысының Құрметті азаматы Сағынхан Әміреқұлов, Қазақстан ұлттық академиясының академигі Өскенбай Мәдиев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев Марс Фазылұлының батыл да, бастамашыл істері жайлы әңгіме қозғап, естеліктерін айтты. 

Ал академиктің інісі Болат Фазылұлы Жамбыл жеріндегі жаңа оқу ғимаратының құрылысын жүргізуге қалай рұқсат алғанын сөз етті. Жалпы бұл кезінде Кеңес Одағының Үндістанда жүргіземіз деген құрылыстың архитектуралық жобасы екен. Осы жоба бойынша ғимаратты осы Таразда салуға болатынын Марс Үркімбаев Мәскеудегілерге талай дәйекті келтіріп жүріп, дәлелдеп шыққан екен. Осылайша Жамбыл жерінде бірегей «Гидрокешен» деген атауға ие болған оқу корпусы бой көтерген. Енді міне, сол бастамаавторының есімі сол кешенде жарқырап жазылып тұр.

 

Дулати университетінің медиа-қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

Тараз қаласында халыққа тегін білікті медиативтік көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды

07.06.2025
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

07.06.2025
Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

Алматыда жатақханалар құрылысы: инвесторларға арналған мемқолдау шаралары

07.06.2025
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП, 18-ші ЖАС ҚАРИ ТҮЛЕК АТАНДЫ

06.06.2025
Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

Саясат Нұрбек эксклюзивті сұхбат берді

06.06.2025
ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

05.06.2025
Шерзат ісі: сот үкімі шықты

Шерзат ісі: сот үкімі шықты

05.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты