Жаңа іріктеу қағидалары әзірленіп, «e-Qyzmet.gov.kz» сыртқы интернет порталы іске қосылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов хабарлады.
«2023 жылы 1 наурызда оған 6 мемлекеттік орган пилоттық режимде қосылды. Қазіргі уақытта 22 мемлекеттік орган қосылды. Биыл 1 шілдеде жүйе қосымша 22 мемлекеттік органда енгізіледі», — деді спикер.
Жаңа жобаның ерекшелігі – азаматтар конкурстың барлық кезеңдеріне онлайн түрде қашықтан, интернетке қолжетімді кез келген жерден және қалаған уақытында қатыса алады.
«Тараптар арасында мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үміткерлерге оларды иесіздендіретін сәйкессіздендіру номері ұсынылады. Сондай-ақ адами факторды болмау үшін конкурстық рәсімнің ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді және конкурс жеңімпазы барлық кезеңнің қорытындысы бойынша жиынтық баллмен анықталады», — деді агенттік өкілі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі