• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік туды балкон мен үйдің қасбетіне ілуге болады: сарапшылар заң талаптарын еске салды

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
04.06.2026, 11:42
Қазақстан жаңалықтары
Мемлекеттік туды балкон мен үйдің қасбетіне ілуге болады: сарапшылар заң талаптарын еске салды
13
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің маңызы, мәртебесі мен құқықтық қорғалуы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Алуа Ибраеваның айтуынша, қолданыстағы заңнама мемлекеттік рәміздерді қорғауға ғана емес, оларға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға да бағытталған.

Спикер мемлекеттік рәміздердің Қазақстан халқының ортақ игілігі екенін айтады. Кез келген азамат туды елге құрмет көрсетіп, патриоттық сезімін білдіруге пайдалана алады. Мемлекеттік туды тұрғын үйге, балконға, ғимараттың қасбетіне іліп, спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шара кезінде заңнамада белгіленген талапты сақтай отырып қолдануға рұқсат етілген.

«Мемлекеттік рәміздер мемлекеттік органдарға ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына тиесілі. Азаматтар заң талаптарын сақтай отырып, Мемлекеттік туды, елтаңба мен әнұранды патриотизм мен ұлттық мақтаныштың көрінісі ретінде пайдалануға құқылы», – деп толықтырды сөз сөзін Алуа Ибраева.

Сонымен қатар сарапшылар мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен құрметтеу қатар жүруі тиіс екенін атап өтті. Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік рәміздерді қорлау, оларды мазақ ету, әдейі бұрмалау немесе мемлекеттің қадір-қасиетін төмендететін мақсатта қолдануға тыйым салынады.

Брифинг барысында мемлекеттік рәміздерді цифрлық кеңістікте пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс пен халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, қауымдастырылған профессор Әсел Шарипованың айтуынша, әлеуметтік желілердің қарқынды дамуы жағдайында пайдаланушылардың құқықтық сауаттылығының маңызы артып отыр.

Оның сөзінше, ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың қатарында мемлекеттік рәміздерді құрметсіз мәнмәтінде фотомонтаж жасау арқылы жариялау, сондай-ақ оларға қорлайтын сипаттағы материалдарды тарату бар.

«Цифрлық дәуірде интернет кеңістігінде мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жауапкершілікпен қараудың маңызы ерекше. Оларды құрметсіз пайдалану фактілерінің өзі мемлекеттік құндылықтар мен институттарға деген теріс көзқарастың қалыптасуына әсер етуі мүмкін», – дейді Әсел Шәріпова.

Сонымен бірге спикер мұндай жағдайларды қарастыру кезінде нақты мән-жайлар, суретті пайдалану мақсаты мен мемлекеттік рәміздерді қорлау ниетінің болған-болмағаны да ескерілетінін айтты.

Айта кетейік, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы күні, 1992 жылы, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді

Тегтер: ӘНҰРАНЕЛТАҢБАмемлекеттік рәміздер күніТУ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.