Мемлекеттік сатып алудан 4,1 млрд. теңге қаржы үнемделді
Мемлекеттік сатып алудан 4,1 млрд. теңге қаржы үнемделді деп хабарлайды "TURANINFO.KZ" ақпарат агенттігі Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің сұрауы бойынша Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (әрі қарай – Басқарма) ҚР Қаржы министрінің 29.12.2018 жылғы № 1127 бұйрығына және облыс әкімінің 14.05.2019 жылғы №109 Қаулысына сәйкес, облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады (ақпарат 16.03.2020 ж.).
— Басқарма, айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын (10 млн) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және техникалық қадағалау қызметіне, ал тауарлармен құрылыс жұмыстары айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын (100 млн) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады. 2020 жылы мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес, жалпы соммасы 46 165 млн.теңгені құрайтын 80 (171 лот) конкурс бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырды. Қорытындысы анықталған 79 конкурстың 21 конкурсы бойынша әлеуетті өнім берушілерден конкурс қорытындысына шағым түсірілмеген, ал 51 конкурс бойынша уәкілетті орган тарапынан жүргізілген камеральдық бақылау нәтижесінде Басқарманын шешімі, яғни анықталған жеңімпаздар өз күшінде қалдырылған (7 конкурс бойынша уәкілетті органмен тексеру жүргізілуде). Өткізілген конкурстар нәтижесінде, барлығы 4,1 млрд.теңге қаржы үнемделді. Конкурсқа жалпы 239 әлеуетті өнім берушілер қатысқан, соның ішінде: жеңімпаздары Жамбыл облысында- 83 % (131 лот), Қызылорда- 8,9 % (14 лот), Шымкент қ.- 3,8 % (6 лот), Түркістан-1,9 % (3 лот), Алматы қ. — 1,2 % (2 лот), Нұр-Сүлтан қ. – 0,6 % (1 лот), Қостанай – 0,6 % (1 лот) делінген ақпаратында.
Айта кетерлігі, қорытындысы анықталған 79 конкурстың 21 конкурсы бойынша әлеуетті өнім берушілерден конкурс қорытындысына шағым түсірілмеген, ал 51 конкурс бойынша уәкілетті орган тарапынан жүргізілген камеральдық бақылау нәтижесінде Басқарманын шешімі, яғни анықталған жеңімпаздар өз күшінде қалдырылған