• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
08.10.2026, 02:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы

turan_admin turan_admin
22.07.2020, 23:12
Облыс жаңалықтары
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы
238
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өңірімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы жүзеге аса бастаған уақытынан бері барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 111,3 млрд. теңгені құрайтын 1892 жоба жүзеге асуда. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 16 423 жұмыс орны сақталып, 5724 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпы бағдарламаның өзіне тоқталатын болсақ, ол Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленген еді. Бағдарлама 2014 жылға дейін Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылды. Оның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, бар жұмыс орындарын сақтап қалу және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталды.

Бұл бағдарламаның бірінші кезеңінде жаңа бизнес бастамаларға, кәсіпкерлік секторды сауықтыруға және шетелге тауар шығаратын өнім өндірушілерге қолдау көрсетілді. Ал екінші кезеңде жаңа бағдарламаларды қолдау мен экспортқа өнім шығарушыларды қолдады. Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында агроөнеркәсіп, кен өндірісі, жеңіл өнеркәсіп пен жиһаз шығару, құрылыс материалдарын шығару, метал өңдеу, машина жасау, басқа да маңызды бағдарламаларға басымдық берілді. Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге банктерден несие беру жағы да қаралды. Сонымен бірге маңызды жобаларды іске асыру үшін банк несиелері бойынша мемлекет пайыздық мөлшерлемелердің бір бөлігін субсидиялап отырды. Осылайша мемлекеттік қолдау кәсіпкерлерге банктерден бұрын алған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болды.
Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарындағы «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша, жалпы сомасы 92,9 млрд. теңгені құрайтын 1097 жоба жүзеге асуда. Бұл жобаның 538-і Тараз қаласында, 559-ы аудандарда жүзеге асырылуда. Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралы бойынша Шу ауданында жүзге тарта жоба қолға алынса, Мойынқұм ауданында әзірге он жоба іске асырылды. Жобалардың басым көпшілігі Шу, Байзақ, Қордай аудандарында жүзеге асқан. Облысымыздағы екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі ЕДБ) ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы 370 жобаны қаржыландырған. Қалған жобаларды қаржыландыруға «БанкЦентрКредит», «Сбербанк», «АТФ Банк», «Jýsan Bank», «ForteBank», «Евразиялық банкі», «Нурбанк», «Банк ВТБ» АҚ қаржыландырып отыр.
«Банк кредиттары бойынша кепілдік беру» құралы бойынша, жалпы кепілдік сомасы 5,9 млрд. теңгені құрайтын 470 жоба жүзеге асырылып жатыр. Осы тұста, аталған құрал бойынша, Тараз қаласы бойынша 155 жоба, ал қалған 315 жоба аудандардың еншісіне тиіп отыр.
«Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша, жалпы құны 11,8 млрд. теңгені құрайтын 103 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 1242 жұмыс орны сақталып, 1800 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы тұста, аталған құрал бойынша, Тараз қаласында 16 жоба, ал қалған 87 жоба аудандардың еншісінде.
Сондай-ақ, 2013 жылдың сәуір айынан бастап облысымызда «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну тетігі де жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған құрал бойынша жалпы сомасы 500,9 миллион теңгені құрайтын 222 кәсіпкердің жобалары қаржыландырылып, бүгінде облыстағы қолдау алған кәсіпкерлер саны артуда.

Толқын Архабекқызы,

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту
басқармасының баспасөз хатшысы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02
Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

Қыркүйекте көп оқылғандар: Жамбыл өңіріндегі маңызды жаңалықтар мен кадрлық ауыс-түйістер

06.10.2026, 07:57
«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05
ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

ЖИ көмекшіден авторлық әдістемеге дейін: Жамбыл облысының педагогтері өз әзірлемелерін таныстырды

30.09.2026, 18:08
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54

Қазақстанда әскери қылмыс құрбандарының саны ең жоғары деңгейге жетті

07.10.2026, 14:41

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды

06.10.2026, 10:02

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.