• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

МЕМЛЕКЕТ БИЗНЕСКЕ АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛУДЕ

turan_admin turan_admin
07.09.2019, 12:15
Облыс жаңалықтары
МЕМЛЕКЕТ БИЗНЕСКЕ АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛУДЕ
219
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

БИЗНЕС ҚОЛДАУДЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАУЫНАН ДА СЕЗІНДІ. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН КӨТЕРДІ. БҮГІН ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ҒИМАРАТЫНДА ӨТКЕН АКТИВ ЖИЫНЫНДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ОЛЖАС ҚАРЖАУОВ ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕРДІ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАРҒА ТОҚТАЛДЫ.

 

Жолдауда мемлекеттік бағдарламалардың сапасын арттыру туралы нақты айтылды. Кәсіпкерлер арасында танымал, сондай-ақ, жаңа кәсіпорындар құруға бағытталған бағдарлама — «Бизнестің жол картасы». Өңірдің 1200 кәсіпкері бағдарламаның шапағатына кенелген болатын, аймаққа тиесілі бюджет 1,6 млрд теңгеге тең. Бұдан бөлек, Президент жаңа бағдарламаға келесі үш жыл ішінде қосымша 250 млрд теңге бөлінетінін атады — деді Олжас Қаржауов. 

Президенттің тапсырмасы бойынша, бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінеді, бұл қаражат бәсекеге қабілетті және инновациялық жаңа кәсіпорындар құруға, жаппай кәсіпкерлікті қолдауға бағытталмақ. Палата директорының айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП «Бастау» және «Жас кәсіпкер» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламаларын ауылды жерлерде жүргізеді. Жоба шеңберінде, облыстық кәсіпкерлер Палатасы өңірдің барлық аудандарында оқыту жүргізіп, жұмыссыз жүрген 2200 адамды қамтыды. Асқар Исабекұлы, өзіңіз атап өткендей, әр ауыл-аймақта ірі-ірі кәсіпорындар тұрғызу мүмкін емес, дегенмен, қосалқы шаруашылықтарды қолға алу арқылы шағын бизнесті дамытудың мүмкіндігі мол.

 

Сонымен қатар, Президент Жолдауында «Халықаралық нарықтағы Ұлттық бизнесті» қолдауға көмектесетінің айтты. Яғни, экспортқажұмыс істейтін компаниялардың мемлекеттік қолдауының тиімділігін арттыру мәселесін көтерді. Қазақстанның өнімдерді шикізат күйінде ғана емес, дайын тауар ретінде экспорттауға әлеуеті зор. «Қазақстанда жасалған» брендінің танымалдылығын арттыру қажеттігін айтты.

 

Мемлекет басшысы экспортталатын тауарлардың қосымша құн салығы төлемдерін жеңіл түрде компанияларға кері қайтару жұмысын Үкіметке тапсырған болатын. Жамбыл облысында бар 74 экспорттаушы компания шамамен 10 млрд теңге көлемінде сыртқа өнім өткізеді. Кәсіпкерлер палатасы бизнеспен тікелей байлшаныст болғандықтан, экспорттаушы компаниялардың бірқатары қосымша құн салығын (ндс) қайтаруда бірқатар кедергілерге тап болатындарынан хабардармыз. Кәсіпкерлердің шымбайына батқан бұл мәселеге Президент Жолдауында нүкте қойды. Үкіметке — индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды, бизнесті қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

 

Презентацияға назар аударсаңыздар, бизнесті жөн-жосықсыз тексеру жиілігі жыл сайын азаюда. Оның тағы бір дәлелі Президент микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий жариялауы, ол 2020 жылдың қаңтарында күшіне енеді. Бұдан өзге, қоғамдық бақылау мен өзін-өзі реттеу инструменттерін жандандыру қажеттілігін тапсырды. 

 

Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі», – деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтерді. Бұл мәселе айтылған сәттен бастап «Атамекен» Ұлтық палатасы бизнеске әрі қарай ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсылығын білдіріп, аталған нормаларды қайта қарау бойынша нақты позицияны ұстанған болатын. Сонымен қатар, Ұлттық палата өз кезегінде кәсіпкерлерді, қауымдастықтарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мәселені жан-жақты талқылауға да шақырды. Міне, бүгін нәтижені көріп отырмыз.

♻️Өзбекстандағы шағын бизнес өткен жылдан бастап бес жылға салықтан босатылғанын еске салайық. Бүгінгі таңда облыста шагын бизнес субъектілерінің саны 69 мыңнан астам, Кәсіпкерлер үш жылға салық төлеуден босатылады, бұл бизнестің қолда бар кредиттік жүктемесін төмендетуге, айналым қаражатын тиімді пайдалануға, жұмысшылардың жалақысын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, кәсіпорындарды жаңғыртуға және т. б. нақты мүмкіндік береді.

 

Біз бұл қабылданған шешімдерді дұрыс әрі нақты өлшенген деп есептейміз, себебі жамбылда кәсіпкерлердің жалпы санының 99%-ы шағын бинеске тиесілі, бұл ретте олардан бюджетке түсер салықтың үлесі 28%.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.