Құжатта қандай банктер жүйелік маңызды екені анықталып, тізім көпшілікке қолжетімді болады. Үш кезеңнен тұратын әрекет ету жүйесі ұсынылады. Олар: күшейтілген қадағалау, қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру және шешу режимі. Соңғы шара ретінде меншікті капиталды толық пайдаланғаннан кейін ғана мемлекеттің араласуына рұқсат етіледі. Мемлекеттік қолдау тек уақытша капитал салу түрінде ғана мүмкін болады. Содан кейін акционерлер мен банк басқаруы өзгереді, барлық шығын жабылып, мемлекеттік шығындар өтелгенге дейін дивидендтер мен бонустық төлемдерге тыйым салынады. Бұл акционерлердің жауапкершілік механизмін қалыптастырып, бюджет тәуекелін азайтады.
Мәжілістің баспасөз қызметі






