«Бұған дейін айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Жаңа жыл және басқа да іс-шараларға байланысты үнемі айтып отырамын. Бұған министрліктің бұйрығымен де тыйым салынады, сондықтан мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл жаңа жылдық шарларға да, шыршаларға да қатысты. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады», — деді Бейсембаев Үкіметтегі брифингте.
Министр кез келген іс-шара тек көңіл көтеруге емес, балаларымызды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін айтты.
«Сыйлықтарға қатысты сұраққа жауап бердім. Гүл сыйлауға бола ма? Иә, рұқсат етілген шаралар ретінде болады. Менің білуімше, мұғалімдер ешқандай сыйлық күтпейді», — деді ведомство басшысы.