• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:48
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

МАЛ ӨСІРСЕҢ, ҚОЙ ӨСІР

turan_admin turan_admin
13.10.2020, 12:49
Облыс жаңалықтары
МАЛ ӨСІРСЕҢ, ҚОЙ ӨСІР
240
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Сәрсенбі күні ауданымызға қарасты Қаракемер ауылынан 3 шақырым шалғай жатқан «Атамекен» шаруа қожалығының базасында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізіліп жатқан бағдарлама аясында «Ауыл шаруашылығы саласында қой мен ешкілерді көбейту, селекция және өз тұқымынан көбейту» тақырыбында 10 шаруа қожалық иелері қатысқан кең ауқымды семинар-кеңес өтті.
Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға Қ.Ү.Медеубеков атындағы қой шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Темірхан Кенжебаев, шаруа қожалықтарының иелері, сондай-ақ, ауылшаруашылық ғылымдарының докторлары мен кандидаттары және сала үздіктері қатысты. Жиын басталмас бұрын өңірімізге келген қонақтар шаруаларға асыл тұқымды қой түрлері мен оларды дамытуға арналған заманауи технологиялармен жабдықталған жобаның сызбасын түсіндірді.
Кеңесті өткізудің негізгі мақсаты қой шаруашылығы саласында ата кәсіппен шұғылданатын қауымға бұл шаруаның жаңа замандағы мәні мен мағынасы, осы кәсіпті кеңейтіп, қазіргі нарықтың сұраныстарына сәйкес дамыту туралы пікір алмасу болып табылады. Басқосуға жиналған жұртшылық қой шаруашылығының қазіргі жағдайын айтып, оны дамыту бағыттары туралы ойларын ортаға салды. Әрине, қазіргі нарық заманында мал тұқымын асылдандыру керек-ақ, дегенмен, шаруалардың басым көпшілігі қойды еліміздің түкпір-түкпірінен әкелетін кезде оны дамыту тұрғысында кеңес беретін ғылыми қызметкерлердің жоғын айтып, сан соғып қалатынын тілге тиек етті. Сонда өңірімізде қой шаруашылығына кеңес беріп, жол сілтейтін бір маман табылмады ма? Әлде ат терлетіп Алматыдан мамандар шақырту керек пе деген ойға қаласың.
Қой шаруашылығының негізгі міндеттерін айқындаған білікті мамандар оларға қол жеткізу жолдарына, көрсетілетін мемлекеттік қолдауларға, қой тұқымын асылдандырудың сатылай қадамдарына, экспортқа шығару және басқа да мәселе­лерге тоқталды. Аймақтағы шаруа қожалықтарының басшылары, қой өсірушілер кездесу барысында ғылы­ми қызметкерлер мен сарапшы­лардан ұсақ мал өсірудің зама­науи тәсілдерін естіп қана қойған жоқ, сонымен қатар өздерін толғандыратын сауалдарына тиянақты жауап та алды.
Екі бөлімнен тұрған семинарда қатысушылар мұндай конструктивті диалог алға қойған міндеттерді тиімді шешуге көмектесетінін, қой өсіруде айтулы жетістіктерге жетуге септігін тигізетінін айтты.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.