• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мәслихаттарға депутаттарына қатысты 11 заң бұзушылық анықталды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жандос ӨМІРӘЛИЕВТІҢ 2023 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында сөйлеген сөзі

17.03.2023
0
Мәслихаттарға депутаттарына қатысты 11 заң бұзушылық анықталды
134
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін сағат 24:00-де сайлау алдындағы үгіт жұмыстарының кезеңі аяқталады. Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабы).

14 наурыздан БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді.

Мұндай сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте жүргізуге болмайды («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы).

Оларды, тіркелген және Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады.

Аталған сауалнамалардың нәтижелерін БАҚ-да дауыс беру күнінен кейін, яғни 2023 жылғы 20 наурыз сағат 00:00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі.

Конституциялық заңның осы талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 және 120-баптарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Аталған заң талаптары Парламент Мәжілісі депутаттарымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына да қатысты.

***

Сайлау заңнамасының нормаларын сақтауда ерекше рөл сайлау комиссияларының мүшелеріне жүктеледі.

Заңда олардың келесідей әрекеттері үшін жауапкершіліктері көзделген:

— азаматтардың сайлаушылар тізімімен танысу құқығын бұзуы немесе дауыстарды санау басталғаннан кейін оларға өзгерістер енгізуі;

— азаматтарға басқа адамдардың атынан дауыс беру мүмкіндігін беру мақсатында дауыс беру үшін бюллетеньдерді ұсынуы;

— дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді ұсынбауы.

Бұл әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (106-бап — ескерту немесе 30 АЕК айыппұл, 121-бап — 25 АЕК айыппұл, 110-бап — 25 АЕК айыппұл, 119-бап — 25 АЕК айыппұл).

Қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 150-бабымен — сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі жасаған үшін (100 АЕК айыппұлдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін) және 151—бабымен, яғни сайлау құжаттарын бұрмалаған немесе дауыстарды дұрыс есептемеген (4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін) жағдайда туындайды.

***

Сайлаудың жариялылығы мен ашықтығына әсер ететін қатысушылардың тағы бір санаты, олар – саяси партиялар, басқа да аккредитациясы бар қоғамдық бірлестіктер, Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары және кандидаттардың сенімді адамдары.

Олардың қызметі, құқықтары мен міндеттері Конституциялық заңмен реттелген (20-1, 20-2, 31-баптар).

Бұл заң байқаушылар мен сенімді адамдарға құқықтармен қатар, бірқатар міндеттерді жүктейді. Олардың сақталмауы тиісті құқықтық салдарға әкеп соғады.

Олар өздерімен бірге жеке басын және өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды, ал шетелдік байқаушылар – олардың жеке басын және аккредитациясын куәландыратын құжаттарды алып жүруге міндетті.

Сайлау процесіне, дауыстарды санау тәртібіне, сайлау комиссиясының шешім қабылдауына араласпауы керек. Жалпы, олар сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін әрекеттерге бармауға міндетті.

Сайлау учаскесінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау туралы сайлау комиссиясы төрағасының талаптарын орындауға міндетті.

Дегенмен, байқаушылар мен сенімді адамдар дауыс беру процесіне және оның қорытындысын шығаруға кедергі келтірместен, фото-, аудио- және бейнежазбалар жасауға құқылы.

Бұл ретте осы құқықты жүзеге асыру адамның Конституцияда кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарына, дауыс беру құпиясын сақтау қағидатына қол сұға алмайды.

Кез келген адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ (Азаматтық кодекстің 145-бабы).

Осылайша, фото-, аудио- және бейнежазба мен байқау дауыс беру құпиясын, сайлаушылар тізімін және олардың дербес деректерін қорғау қажеттілігін ескере отырып қана жүргізілуі мүмкін.

Оларды бұзу ӘҚБтК-нің 79-бабы бойынша (жеке деректер туралы заңнаманы бұзу) әкімшілік жазаға, ал егер елеулі зиян келтірілсе, ҚК-нің 147-бабы бойынша (жеке деректер мен дербес деректерге қол сұғылмаушылықты бұзу) қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Байқаушылар қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны оны тіркеуден және учаскеден шығаруға құқылы.

Егер шетелдік байқаушы заңның бұзылуына жол берсе, онда Орталық сайлау комиссиясы тиісті сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша оның аккредитациясын кері қайтарып алуға құқылы.

Байқаушылар мен сенім білдірген адамдар өз құқықтарын заңды бұзбай жүзеге асыратынына сенімдімін.

***

Өздеріңіз білетіндей, а.ж. 18 ақпанда Бас прокуратура Орталық сайлау комиссиясының алаңында және бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ өңірлердің прокурорлары сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілікті түсіндірген.

Алайда Мәжіліс депутаттарының сайлауында сайлау туралы заңнаманың бұзылуына жол берілді.

Бізбен осындай 23 факт анықталды.

Барлық құқық бұзушыларға бізде бірыңғай көзқарас.

Бүкіл фактілер тексерілді. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды.

Ең көбі тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін. Мұндай фактілердің 12-сі тіркелді.

Оның ішіндегі 6 жағдайда кінәлілер үш заңды тұлға және үш азамат болып шықты. Олар кандидаттар емес.

Қалған 6 жағдайда үгіт жұмыстарын заңсыз, яғни кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін (18 ақпан сағат 18:00-ге дейін) Мәжіліс депутаттығына кандидаттар жүргізген.

Олар бір мандатты округтер бойынша тіркелгендер.

Біз оларды жауаптылыққа тарту үшін ОСК-нің келісімін алдық.

Сот ӘҚБтК-нің 102-бабы бойынша айыппұл салғаннан кейін және сот актілері заңды күшіне енген соң тиісті округтік сайлау комиссиялары («ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңның 89-бабы 4-3-тармағы 3) тармақшасы) олардың тіркеуінің күшін жойды.

Бұл заң талабы.

Алматы қаласындағы тағы бір кандидат ӘҚБтК-нің 122-бабы бойынша жазаға тартылды. Ол сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзып, азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткен. Кінәсін мойындады, оның да тіркеуінің күші жойылды.

Үгіт жүргізу кезеңінде Қарағанды қаласының 2 тұрғыны ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша үгіт материалдарын жұлып, бүлдіргені үшін жауапқа тартылды.

Олар құқық бұзушылық жасағанын мойындаған соң, қысқартылған тәртіпте, яғни тиесілі ең жоғары айыппұл сомасының 50% (15 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынды. Бұған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен рұқсат етілген.

3 факт сайлау бойынша (Астана-1 және Алматы-2) қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізумен байланысты.

Заң бойынша оларды 5 жылдық тәжірибесі бар және ОСК-сын алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана жүргізуге құқылы.

Осы Заң талаптарын бұзған 2 рет жеке тұлға және 1 заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды.

Бұл сауалнамалардың барлығы әлеуметтік желілерде жүргізілген.

Анонимдік үгіт материалдарын (дайындалған жері, таралымы, қандай қаражаттан төленгені туралы деректерінсіз) таратудың 5 фактісі анықталды. Олар бойынша 4 адам ӘҚБтК-нің 113-бабымен жауапқа тартылды – 3-уі Ақмола облысынан кандидаттың өкілдері, 1-уі – БАҚ өкілі.

Осындай құқық бұзушылық үшін Түркістан облысынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың бірін жауаптылыққа тарту үшін біз Орталық сайлау комиссиясының келісімін алдық.

Бұл кандидаттың тіркеуінің күшін жоюға әкеп соқтырмайды.

17 наурыздан бастап, яғни дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 89-бабы 4-3-тармағының 4-тармақшасы).

***

Мәслихаттарға депутаттардың кезектен тыс сайлауы туралы айтатын болсақ, мұнда прокурорлар 11 заң бұзушылықты анықтады.

Олар Мәжіліс депутаттарының сайлауымен іспеттес.

6 азаматқа ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын бүлдіргені үшін айыппұл салынды.

Алматыда Пәтер иелері кооперативінің (КСК) төрағасы қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың біріне қызмет көрсетілетін үйлердің кіреберістерінде үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат берген, ал екіншісіне тыйым салған.

Осы арқылы ол аталған кандидатқа үгіт жұмысын жүргізуге кедергі келтіргені үшін ӘҚБтК-нің 103-бабы бойынша жазаға тартылды.

Ағымдағы жылғы наурыздың басында Қарағанды облысының тұрғыны учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі бола тұра, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттың үгіт материалдарын таратқаны байқалған.

Бұған заңмен тыйым салынған. Сондықтан, комиссия мүшесіне ӘҚБтК-нің 122-бабының 1-бөлігі (сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу шарттарын бұзу) бойынша айыппұл салынды.

Түркістан облысында қалалық мәслихат депутаттығына кандидат сайлау алдындағы үгіт жүргізу шарттарын бұзған.

Ол құм-қиыршық тас қоспасын төсеу бойынша тегін қызмет көрсеткен. Сол үшін сот оған ӘҚБтК-нің 122-бабының 2-бөлігі бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір мәслихат депутаттығына кандидат анонимді үгіт материалдарын таратқаны үшін ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша тартылды (шығыс деректерінсіз, дайындау орны, таралымы, қандай қаражаттан төленді).

Кандидат өз кінәсін мойындағанына байланысты, оған қысқартылған тәртіппен 12,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Атырау қаласында жергілікті газетте облыстық мәслихат депутаттығына 2 кандидаттың үгіт материалдары жарияланған.

Бірақ, бұл БАҚ тиісті сайлау комиссиясына баспа алаңын беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынбаған, ол «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағын бұзу болып табылады.

Құқық бұзушылықты мойындаған баспа басылымының меншік иесі қысқартылған өндіріс тәртібінде ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігі бойынша айыппұлға (25 АЕК) тартылды.

Осыған байланысты сайлау процесінің барлық қатысушыларынан заңды қатаң сақтауды және бұзушылықтарға жол бермеуді сұраймын

Сайлау процесінің заңдылығын жоғарғы қадағалауды жалғастырудамыз.

Тегтер: бақылауқадағалауСАЙЛАУтәртіп бұзу
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

“Жамбыл облысы Жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігі “Жас депутаттар” корпусының IV шақырылымына ҮМІТКЕРЛЕР

28.02.2020
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

2
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

30.03.2023
Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті

Мемлекет басшысының атына Түркия Президенті Режеп Таийп Ердоғанның алғыс хаты келіп түсті

30.03.2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

30.03.2023
Жамбыл облыстық мәслихатының жаңа құрамы жұмысқа кірісті

Жамбыл облыстық мәслихатының жаңа құрамы жұмысқа кірісті

30.03.2023
Премьер-Министр болып Әлихан Асханұлы Смайылов тағайындалды

Премьер-Министр болып Әлихан Асханұлы Смайылов тағайындалды

30.03.2023
Есірткіге қарсы күрес іс-шарасының нәтижесі

Есірткіге қарсы күрес іс-шарасының нәтижесі

30.03.2023
Президент Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

Президент Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді

30.03.2023
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Рухани жаңғыру
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2023. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
ZERO.kz