• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 02:04
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңес үш жылдық жұмысын қорытындылады

Астанада Мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда Кеңестің қазіргі құрамының 2024–2026 жылдардағы жұмысы қорытындыланды.

turan_admin turan_admin
23.09.2026, 11:35
Азаматтық қоғам институттары, Қазақстан жаңалықтары, Мәдениет, Саясат
Мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңес үш жылдық жұмысын қорытындылады
149
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Есепті кезеңде Қоғамдық кеңес мемлекеттік саясаттың бірқатар маңызды бағыттары бойынша қоғамдық бақылау мен сараптама жүргізіп, мәдениет, ақпарат, жастар және отбасы саясаты, азаматтық қоғамды дамыту және этносаралық қатынастар салаларындағы өзекті мәселелерді қарады.

Үш жыл ішінде 11 отырыс ұйымдастырылды. Кеңес жұмысы алты бейінді бағыт бойынша жүргізіліп, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 550-ден астам нормативтік құқықтық актінің жобасы қаралды.

Нәтижесінде тиісті ұсынымдар әзірленді. Атап айтқанда, 2023 жылы – 88, 2024 жылы – 158, 2025 жылы – 150, ал 2026 жылы – 160 ұсыным берілген.

Ақтөбе мен Таразда көшпелі отырыстар өтті

Қоғамдық кеңес қызметінде өңірлердегі мәселелерге де ерекше назар аударылды. Есепті кезеңде екі көшпелі отырыс ұйымдастырылды.

Ақтөбеде өткен отырыста Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру, креативті индустрияларды дамыту, Отбасын қолдау орталықтарының қызметі және жастарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Ал Тараз қаласындағы көшпелі отырыста Халықаралық волонтерлер жылы аясындағы іс-шаралар, «Ұлттық цифрлық мұра» жобасын іске асыру, сондай-ақ музей қорын қалыптастыру және толықтыру мәселелеріне басымдық берілді.

БАҚ, жастар және мәдениет саласындағы мәселелер назарда болды

Қоғамдық кеңес ақпарат саласында халықтың медиасауаттылығын арттыру, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тиімділігін күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар енгізу және газеттерді субсидиялау мәселелерін қарады.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар, мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен киноиндустрияны реформалау мәселелері талқыланды.

Кеңес Мемлекеттік жастар саясатының 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы және мәдениет саясаты саласындағы бірқатар құжаттарды қарауға қатысты.

Биыл Кеңес мүшелері музыкалық шығармаларды орындау кезінде фонограмманың пайдаланылғаны туралы көрерменді хабардар ету қағидаларын, фильмге прокат куәлігін беру қағидаларын, мәдениет және өнер саласындағы мамандандырылған орта музыкалық білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын және өзге де құжаттарды талқылады.

«Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасы талқыланды

Қазіргі құрамның жұмысын қорытындылаған отырыстың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасы болды.

Қоғамдық кеңес мүшелері заң жобасындағы ұғымдық аппаратты нақтылау, ҮЕҰ қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік кепілдіктерін реттеу, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру және үдерістерді цифрландыру мәселелерін талқылады.

Кеңес мүшелері құжатқа қатысты бірқатар ұсыныстарын білдірді. Олар заң жобасын одан әрі пысықтау барысында қарастырылмақ.

Қазіргі таңда Мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңестің құрамында 21 мүше бар.

Алдағы уақытта Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы сайланады.

Тегтер: мәдениет және ақпарат қоғамдық кеңесіҮкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.