Жуырда аталған ауданға ат басын бұрған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жол мәселесіне баса мән беріп, бірқатар тапсырмалар жүктеген еді.
Бүгін 15 мөлтек ауданындағы бесінші көшеге асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жалпы, шағынаудандағы құрылыс жұмыстары жүретін жолдың ұзындығы 6 шақырым 620 метрді құрайды. Мердігер мекеме – «B grass» ЖШС. Техникалық қадағалаушысы – «КЦУП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазір құрылыс басында жиырмаға жуық техника, отыздан аса жұмысшы еңбек етуде. Ал жобада көрсетілген 2, 3, 4 көшелерде жол негіздемесі дайындалуда.
Айта кетейік, аталған шағын ауданда жол құрылысы бірер ай бұрын басталу керек еді. Алайда, мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз болып таңылған алғашқы мердігер тиісті талаптарды орындамағандықтан келісімшарт бұзылды. Заң талаптары аясында екінші жеңімпаз болған «B grass» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Сол себепті аталмыш ауданда жол жөндеу жұмыстары кешеуілдеді.
Еске сала кетейік, жақын күндері шағын аудандағы қалған көшелерге де асфальт жабындысы төселетін болады.