«Ұлттық құндылық және ұлттық өнер» атты семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығының тапсырысы бойынша «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі «Тұрғындар арасында өзге ұлттардың көркемөнерін насихаттау» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде ағымдағы жылдың 10 қазан күні Жуалы ауданы Ақсай ауылы Мыңбұлақ орта мектебінде «Ұлттық құндылық және ұлттық өнер» тақырыбында мектеп оқушыларына семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинарға «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенділері, аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты. Семинарды жүргізу үшін лектор ретінде Тараз қалалық «SANA» көшбасшылар мектебінің коучері Өмірбеков Данияр Маратұлы арнайы шақырылды. Іс-шара барысында Д.Өмірбеков семинар қатысушыларына әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, ұлттық мәдениеті, өнері болатындығын атап өтіп, ұлттар арасында татулықты нығайтудың қаншалықты маңызды екендігін түсіндіріп өтті. Семинар барысында қатысушыларды ұлттар достығына, бірлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында тренингтер өткізіліп, логикалық сұрақтар қойылып, түсіндіріліп өтілді. Сонымен қатар Д.Маратұлы семинар қатысушыларының көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап беріп өтті.
Іс-шара барысында семинар қатысушыларына бірлестік тапынан арнайы дайындалған бүктеме қағаздары үйлестіріліп берілді. Сонымен қатар іс-шара қатсышыларына кері байланыс, салаунама парақтары таратылып, қатысушылардың кездесуге деген пікірлері мен ұсыныстары жинақталды.