• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
07.08.2026, 16:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұлттық музейдің жаңа залы Алтын Орда дәуірінің жәдігерлерімен толықты

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы ерекше кезеңдердің біріне арналған «Жошы ұлысы – Алтын Орда» экспозициялық залы жұмыс істеп тұр. 

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
29.03.2026, 16:12
Мәдениет
Ұлттық музейдің жаңа залы Алтын Орда дәуірінің жәдігерлерімен толықты
133
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Экспозициялық залдың салтанатты ашылуы 2026 жылдың 20 ақпанында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен болатын, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі. 

«Жошы ұлысы – Алтын Орда» залының басты мақсаты – музейге келушілерге ортағасырлық мемлекеттің тарихы мен мәдениетін таныстыру және оның Қазақстан тарихындағы орнын айшықтау. Экспозиция сол дәуірдің бай тарихи-мәдени мұрасын паш ете отырып, Қазақстан ұлы державаның тікелей мұрагері екенін көрсетеді.

Көрмені әзірлеу барысында тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қанат Өскенбай бастаған ғалымдар тобы нақты деректерге сүйенген. Тарихшылар Жошы ұлысы мен Қазақ хандығының арасындағы ажырамас байланысты дәлелдеп отыр. Алтын Орда қазіргі Қазақстан аумағының басым бөлігін алып жатты, ал мемлекет ыдырағаннан кейін бұл аймақ Қазақ хандығы бастаған жаңа мемлекеттердің негізіне айналды.

Залға кірген бойда қонақтардың назарына Жошы ұлысының үлкен картасы ұсынылады. Шыңғыс хан дүниеден өткен соң, ұлан-ғайыр аумақ оның төрт ұлына бөліп берілді. Ең үлкен үлес Жошыға тиді. Бұл иелік Дешті Қыпшақ даласын толық қамтып, оңтүстікте Сырдарияның орта ағысынан солтүстікте Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін, батыста Дунайдан шығыста Ертіс өзеніне дейінгі алқапты алып жатты.

Экспозицияға музей қорындағы 200-ге жуық жәдігер қойылған. Олардың барлығы Қазақстан аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Коллекцияның басым бөлігі Ұлытау және Алматы облыстарынан әкелінген. Әр жәдігер туралы мәлімет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Көлемі 370 шаршы метрді құрайтын зал үш тақырыптық бөлімге бөлінген:

– «Қала мәдениеті» бөлімі: Мұнда XIII–XIV ғасырлардың тұрмыс-тіршілігін, саяси құрылымы мен материалдық мәдениетін сипаттайтын тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар және сирек кездесетін олжалар қойылған.

– Сүйек пен жібек: Алматы облысының Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай ұлысы ақсүйектерінің жібек киімдері мен салтанатты киім үлгілері келушілерді ерекше қызықтырады.

– Жібек матаны сақтап қалу өте қиын, ол тез бүлінетін материалдар қатарына жатады. Сондықтан Ұлттық музейдегі бұл жәдігерлер археологиялық тұрғыдан бірегей құндылыққа ие. Мата бетіндегі жан-жануарлар бейнесі мен гүл тектес өрнектер сол замандағы ақсүйектердің осындай қымбат бұйымдарды тұтынғанын растайды. Жібекпен бірге алтын және күміс әшекейлер, белдік жапсырмалары, алтын сырғалар мен тостағандар табылды. Бұл бұйымдар орта ғасырдағы металлургияның жоғары деңгейін және сауданың дамығанын көрсетеді, — дейді музей қызметкері Әлішер Талғатұлы.

Сондай-ақ коллекцияның біраз бөлігі — 1990–2000 жылдары табылған ортағасырлық тиындар. Ондағы жазулар арқылы ақшаның қай жерде соғылғанын, билеушінің есімін және шыққан жылын анықтауға болады.

 

Тегтер: Алтын ордажәдігерЖошы хантарих сабақтастығыұлттық музей
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақтың қасиетті жыры әлем сахнасында шырқалуы тиіс

Қазақтың қасиетті жыры әлем сахнасында шырқалуы тиіс

03.08.2026, 18:57
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жамбылдық   шығармашыл жастармен кездесті

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жамбылдық шығармашыл жастармен кездесті

31.07.2026, 23:44
Қазіргі қазақ киносындағы «ғайып» философиясының көркемдік трансформациясы

Қазіргі қазақ киносындағы «ғайып» философиясының көркемдік трансформациясы

30.07.2026, 19:04
Бақыт Шағырбаев 114 әнмен рекорд жаңартты

Бақыт Шағырбаев 114 әнмен рекорд жаңартты

23.07.2026, 15:40

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Халық үні»: басты міндет – сайлаудың ашықтығын бақылау

07.08.2026, 13:12

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.