CTS мәліметінше, LRT паркінде 19 жылжымалы құрам бар. Бір құрамға 4 вагон тіркелген және бір мезетте 650 жолаушы тасымалдай алады, деп хабаррлайды «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі. Осы 19 құрамның 15-і күнделікті желіге шығып, халыққа қызмет көрсетсе, қалған төртеуі резервте тұрады.
– Құрамдардың арасындағы қозғалыс интервалы 5-10 минут шамасында жоспарланды. Стансалар арасындағы болжамды жүру уақыты 1,5 минуттан 3 минутқа дейін, — деп жазылған Kazinform сауалына жолданған ресми жауапта.







