• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 14:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ӨЛІ МЕН ТІРІНІҢ АҚИҚАТЫ

turan_admin turan_admin
01.03.2019, 03:48
Абырой, Азаматтық қоғам институттары, Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары, Сараптама
ӨЛІ МЕН ТІРІНІҢ АҚИҚАТЫ
3.6k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласында «Мыңбұлақ» (9) мөлтек ауданындағы 62-үйде жойқын жарылыс болып, 3 адам қаза тауып, 6 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Оқиға орнына үкіметтен арнайы комиссия құрылып, премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Астана қаласында іс-сапарда болған облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге жедел түрде Таразға келді. Бірінші толыққанды ақпаратты облыс әкімнің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков берген болатын.
— Жарылыс таңғы 06.21 болған. Барлық қызмет түрлері келіп, көмек берілген. 3 адам қаза тапты. Екі әйел, бір ер азамат. Бір жасөспірім облыстық балалар ауруханасына, қалғандары Тараз қалалық ауруханаларына жіберілді. Бастапқы болжам бойынша жарылыстың эпицентрі — 49 пәтердің қонақ бөлмесі. Қазіргі таңда тергеп-тексеру тобы жұмыс істеуде, көмек көрсетуге штаб құрылған. Жарамсыз болған подъездің тұрғындарына «Бәйтерек» (13) мөлтек ауданындағы 26 үйді дайындап қойдық. Ешкімді далада қалдырмаймыз. Барынша көмек көрсететін боламыз, – деп мәлімдеді Бекболат Серікбекұлы.

Өзін жайсыз сезінгендер мен зардап шеккендерге №47 мектепте психологиялық, алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, полиция қызметкерлері тұрғындардан түсініктемелер алып, ыстық шәй түскі ас ұйымдастырды. Әкімдіктің қолдарынан келген барлық шараларды ұйымдастырып, тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны көзге ілінді.

Қайтыс болды деген екі мәйітті туыстары танып, полицейлердің арнайы қаулысын алып, қаза тапқандарды алып кеткен болатын. Үшінші мәйітті танып білуге барған Аиданың анасы Күләш апай қызым емес деп бой бермеді. Мәйіттердің бет бейнелерін тану мүмкін емес болатын. Бірақ жанынан табылған ұялы телефон арқылы сенуге тура келді. Алайда ананың сезімі алдамапты.

Денесі кішілеу келген қыз бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, жедел түрде операция жасалған. Отадан кейін қыздың жақын ағайыны делінген бір туысы кіріп бинттелген қыз баласын дене пішініне қарап, өздерінің туысы екендігін растаған. Таң ата ауылдан қыздың әйел туыстары қайта келіп, өздерінің қызы еместігіне көз жеткізеді. Оның басты себебі — қыздың денесінде «соқырішек» операциясының ізі және иық тұсындағы меңнің болмауында. Күдіктенген туыстар балалар ауруханасында шу шығарып қыздарын тауып берулерін талап етті. Тергеу тобы туыстарының сөздеріне құлақ асып, Қаратау қаласы мен Т.Рысқұлов ауданына кетіп қалған мәйіттерді қайта қарап, киімдері мен заттарды зерделеп, Аида мен Айжанның денелері ауысып кеткенін анықтаған. Ақиқатында қаза болған Арапбек Айжан екен, ал облыстық балалар ауруханасында жатқан Аида болып шықты. Бір үйге қуаныш болса, екінші үйге қайғылы хабар келді. Қаратаудан әкелінген мәйітті танып білуге марқұмның туыстарымен сөйлесіп, өз қыздары екеніне көздерін жеткізді. Расында жағдай өте ауыр.

Мәйіттерді анықтау процесі жүріп жатқанда облыс әкімі қаза тапқан қырғыз жігіт Бексұлтан Темірхан уулының үйінде болып, жаназасына қатысты. Басшыға лайықты әрекет.

Айжан Арапбектің туыстары хабарласып мән-жайды біліп берулерін сұрағанда жауапты мамандарға сұрау сала бастадық. Ең алдымен төтенше жағдайлар бойынша департамент басшысының орынбасары Талғат Сабировпен байланысып, «Оқиға болған жерден мәйіт, әлде дене қалып кеткен жоқ па?» деген сауал жолдадық. «Кеше кешкісін барлығын тазалап болдық. 3 мәйіт, 6 жарақат алғандардан басқа ешкім болмады» деген жауап айтылды. Осыдан кейін Жамбыл облысы полиция департаментіне хабарласып, болған жәйттарды сұрағанда «Мәйіт пен ауыр хәлде жатқан науқасты туыстары таныған болатын. Ал қазір анықталғандығы мәйіт пен науқастың дене пішіні ұқсас болуы себеп шығар» деп жауап берді полицияның баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Осыдан кейін ойға медициналық қызметкерлер 32 жасар келіншекпен жас қыздың жасын ажырата алмады ма деген ой келді. Осы сауалды облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловқа жолдадық. «Мен сағат 07.40 шамасында оқиға орнында болдым. Дене пішімі кіші болғандықтан жасөспірім деп болжам жасалып, облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, қажетті оталар жасалды. Медициналық қызметтің міндеті — апат болған жағдайдан адамдарды барынша аман алып қалу. Мәйіттің кім екенін анықтау біздің құзыретімізге жатпайды. Біз үшін бастысы – денсаулық. Қазіргі таңда екі адамның халі орташа, ал екі адамның жағдайы ауыр. Таңертең ұлттық орталықтың дәрігерлерімен кеңес өтіп, мамандар жасаған әрекеттерімізді дұрыс деп тапты. Диагнозбен және ем беру шараларына олар келісім берді. Аидаға екінші рет ота жасалды. Қажет болса үшінші рет операция жасаймыз. Хәлі ауыр болғандықтан қолымыздан келгенді аямаймыз» — деп пікірін білдірді басшы.

Біреуді кінәләу — ең оңай іс. Бірақ мұндай апат қайталанбас үшін барлық амал әрекеттерді жасаумыз керек екен. Осы тұста даурықпа, дақпырт әңгімелер көп болып кетті. Бұл деректердің шындыққа жанаспайтындығы туралы жедел түрде облыс әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отырды. Арапбек атаның немелерімен сол пәтерге көшіп барғандарына 10 күннің жүзі болыпты. Қаза тапқан үш марқұмның уақыты, сағаты, дәм-тұзы тауысылып тұрған шығар. Ал басқалардың әлі де көретін жарықтары бар екен. Оқиғаның дәл себебі мен салдарын арнайы топ саралап әділ жауабын береді деп сенім білдіреміз.

Түйін: сақтықта қорлық жоқ. Табиғи апаттардан барынша сақтанып жүрейік. Ауыр халдегі науқастар ортаға оралып, болған оқиға көрген түстей сағымға айналып кетсе екен. Апаттың ауыр салдарынан дүниеден озған марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Исламбек Дастан

TURANINFO.KZ

Тегтер: абайсызауыр қазавзрыввзрыв таразедом в таразежарылысҚазақоқыс оқиғатараздашұғыл
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50
Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33
Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты дебатқа қатысатын партиялардың реттік нөмірлері анықталды!

18.08.2026, 11:50

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

Сөз – ұлттың визиттік карточкасы

18.08.2026, 11:33

Президенттің АӨК өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау

18.08.2026, 11:30

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

18.08.2026, 11:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.