• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Әлем чемпионатының жеңімпазына пәтер берілді

Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының жеңімпазы, күміс жүлдегері  Қамшыбек Қоңқабаевқа пәтер кілті табысталды

05.07.2024
0
Әлем чемпионатының жеңімпазына пәтер берілді
48
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевпен кездесті.

Еске салсақ, Қамшыбек Ханчжоу (Қытай) қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанып, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.

Аймақ басшысы боксшының дайындық барысы туралы сұрап, алдағы дүбірлі додадан жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.

Қамшыбек, біз сені мақтан тұтамыз! Бүгінгі жеткен биігің – жастайыңнан осы спорт түрін таңдап, табандылық танытқан қажырлы еңбектің нәтижесі, ата-анаң, жанкүйерлердің тілегі мен батасының арқасында деп білеміз. Әрбір сырбойылық спортшының жетістігіне қуанамын. Ел спортының мәртебесін асқақтатып, халықтың рухын көтерген жеңіс үшін барша Сыр жұртшылығының атынан алғыс білдіреміз. Олимпиада ойындарына қатысып, жеңіс тұғырынан көріну – әр спортшының арманы. Бұл – еңбексүйгіштіктің, патриотизм мен өз күшіне деген сенімнің үлгісі. Чемпиондарымызға қарап, мыңдаған жастың спортқа деген құлшынысы артады. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – елдің ыстық ықыласы мен тілегін жеткізу. Арқа сүйейтін, тілеуіңді тілейтін қалың еліңнің, жерлестеріңнің атынан өзіңді қолдау әрі ынталандыру үшін арнайы сый-сияпат жасап, баспана кілтін табыстауды жөн көрдік, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өз кезегінде спортшы Олимп шыңын бағындыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
Кездесу соңында облыс әкімі өңір халқының атынан Қамшыбекке пәтер кілтін табыстады.
Аймақ спортшылары жыл басынан бері Әлем, Азия чемпионаттары мен кубоктерінен 61 медаль жеңіп алды. Әзірге қызылордалық спортшылар қоржынында Париж олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали, дзюдодан Абылайхан Жұбаназар мен Шархан Нұрлыхан ел намысын қорғамақ.

Отырып ойнау волейболынан қос бірдей спортшымыз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов ел құрамасы сапында Паралимпиадаға жолдама алса, пара жеңіл атлетикадан Еламан Жоламан, парапауэрлифтингтен Станислав Шакиев айтулы жарысқа қатысуға мүмкіндік иеленді. Парадзюдодан да үміткерлер бар.

Қамшыбек Қоңқабаев – бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Әлем чемпионатының жеңімпазы, күміс жүлдегері (2014, 2017 ж.), Азия чемпионатының 4 дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021, 2022 ж.), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2021 ж.), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2023 ж.).

Алда Париж (Франция) қаласында өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына барады. Бапкері – бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сейітжан Төкенов.

Қызылорда облысының әкімдігі

Тегтер: жеңімпазҚамшыбек Қоңқабаевқызылордапәтер кілті

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты