• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Креативті жобаларды дамытудағы қорлар мен хабтардың маңызы

Креативті индустрияны дамыту мақсатында шығармашылық салаға қолдау көрсету үшін Корпоративтік қордың ашылуы маңызды қадам болды

25.12.2025
0
Креативті жобаларды дамытудағы қорлар мен хабтардың маңызы
38
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жаңа институттың негізгі міндеті – таланттарды іздеу, жобаларды дамыту және отандық креативті өнімді халықаралық нарыққашығару. Қор аумағында заманауи көрме залыұйымдастырылып, авторлар анимация, цифрлық контент және басқа да креативті жобаларын ұсына алады.

Қорды қаржыландыру үшін біріккен лотерея табысының 3%-ы аударылатын болады, сонымен қатар республикалық бюджеттен (әр жыл сайын азайып тұрады) демеушілер мен қайырымдылық қаражаттары бөлінетін болады. Бұл механизм креативті жобаларды тұрақты қолдауға және жаңа индустрияларды дамытуға мүмкіндік береді.

Соңғы бір жыл ішінде шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласына салынған инвестициялар көлемі 30% өскен. Сондай-ақбылтыр креативті өнімнің экспорты 250 млрд доллардан асты.

Бүгінде креативті сектордың қосылған құны 2 млрд доллардан асты. Айта кету керек, креативті индустрия субъектілері жеке табыс, корпоративтік табыс салығы және ҚҚС төлемей, тек 2–4% бірлескен салық төлейді, ал заңды тұлғалар үшін бұл көрсеткіш – 8%. Салық жеңілдіктерінің нәтижесінде креативті индустриядағы субъектілер мен қызметкерлер саны 15% өсті. Қазіргі кезде 46 667 микро, шағын және орта бизнес субъектісінде 143 мың адам жұмыс істейді.

Креативті секторда IT мен геймдевелопмент, кино мен анимация, сәулет пен сән, фото және қолөнер салалары айрықша орын алады. Ең көп креаторлар Алматы, Түркістан және Қарағанды облыстарында тіркелген. Сонымен қатар,  үш ірі қала – Астана, Алматы және Шымкент те көш бастап тұр.

Одан бөлек, креативті хабтар Қазақстанның барлық 20 өңірінде ашылды. Бұл мақсатқа екі жыл ішінде орындалды. Айта кетсек, әкімдікке өңірлік бюджет есебінен осындай орталықтар құру құқығы берілген, бұл креативті инфрақұрылымды тұрақты және қолжетімді етеді. 

«Қазір елде креативті салаға үлкен көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыстар нәтижелі түрде жүргізіліп, креаторлардың мүдделері іс жүзіндеқорғалып жатыр. Мәжілісте 43 ЭҚЖЖ-ныңқорғалуы да өз алдына көрсеткіш. Сонымен қатар креативті салаларға арнайы салық режимі енгізілді. Демек, айтарлықтай даму байқалады», – дейді Қарағанды қаласының сән дизайнері Меруерт Мухамедиярова.

Бұл ірі реформалардың жүзеге асуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негіз болды. Президент креативті секторды стратегиялық бағыт ретінде бірнеше рет атап өтіп, оның ұлттық бірегейлікті нығайтуға және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін сөз етті. 

Биыл Президент креативті индустрияныдамытудың негіздерін бекітетін заңға қол қойды. Құжат мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы биліктің өкілеттілігін анықтады. 

Сондай-ақ креативті индустрия субъектілеріне қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетудің тәртібін белгілейтін мемлекеттік қолдау және ынталандыру ережелері әзірленіп, қабылданды.

Сондай-ақ бұл саланы дамыту мәселесін Мемлекет басшысы халықаралық деңгейде көтерді. Мысалы, Душанбе қаласында өткен «Орталық Азия – Ресей» форумында Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдеріне таланттарды қолдау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында креативті индустриялар ассоциациясын құруды ұсынды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылы Алматыда Түркі дүниесінің креативті индустриясы форумы өтеді. 

Заңнамалық базаны жетілдіру жұмысы жалғасуда. Мәжілісте креаторларды қолдаудың екінші пакеті қабылданды. 

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде Қазақстан халықаралық рейтингтерде жоғары бағаланды. 

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Global Innovation Index рейтингінің «Креативті индустрия және қызметтер» көрсеткіші бойынша еліміз 65-орыннан 61-орынға көтерілді. Ал екі жыл бұрын Қазақстан бұл тізімде 90-орында тұрған

Тегтер: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты