• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Коронавируспен күресте барлық ресурстар қолданылуы керек

turan_admin turan_admin
17.11.2020, 17:03
Облыс жаңалықтары
Коронавируспен күресте барлық ресурстар қолданылуы керек
280
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен аптада облыста коронавирустық инфекцияның 38 жағдайы тіркелді. Науқастардың басым бөлігі Тараз және Шу аудандарында. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі штаб отырысында өңірдегі ахуал сараланды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, облыста коронавирусқа қатысты жағдай тұрақты, дегенмен бейқам отыруға болмайды. Өйткені инфекцияның жаңа жағдайлары әлі тіркелуде.

— 16 қарашадағы ахуал бойынша коронавирустың 4258, пневмонияның 152 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте  коронавирустың бес жаңа жағдайы анықталып, тәуліктік өсім 0,1 пайызды құрады. Бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасында 57 адам емделуде десек, 37 адам карантинге оқшауланған. 339 жамбылдық үй карантиніне алынған.

Әсет Қалиев 29 қаңтар мен 15 қараша аралығында облыста 167739 ПТР сынақтары жүргізілгенін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 2530 төсек-орын дайындалған десек, қосымша тағы 2000 төсек әзірленуде, оның 200-і реанимациялық төсек.

Облыс әкімі көрсеткіштерге қанағаттанып, дегенмен  коронавирустың екінші толқыны нақты қалай өрбитіні белгісіз екендігін алға тартты. Сондықтан аймақ басшысы дәрігерлер барлық  жағдайларға дайын болу керек екенін баса айтты.

Санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нейла Муликова аймақтағы коронавирусқа қатысты жағдайға алаңдаушылық білдірді.

— Біз қазір «жасыл» аймақта тұрмыз, алайда Таразда соңғы аптада коронавирусты жұқтырудың 20 жағдайы, Шу ауданында — сегіз, басқа аудандарда да бір — екі жағдайдан тіркелген. Әрине, біздің мамандар кәсіби түрде жұмыс істейді.  Байланыста болған тұлғаларды оқшаулап,  ошақтарды анықтап және дезинфекциялап отырады. Қазір ешқандай жағдайда да қырағылықты жоғалтпау керек», — деді ол.

Аймақ басшысы жолдаған сауалға Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев пен Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров құрылған мобильді топтардың белсенді жұмыс істеп жатқанына, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде екендігіне сендірді.

— Адам көп шоғырланған жерлерде мобильді топтардың жұмысын күшейткен дұрыс. Тексерулердің нәтижелері мардымсыз. Шара қолдану қажет. Айыппұл салып, қажет болса лицензияларынан айыруға дейін бару керек. Біз тұрғындардың бизнесінен айыруды көздеп отырған жоқпыз, бірақ маңызды шаралар қабылдауға тура келіп отыр.

Сондай-ақ, облыс әкімі өзінің орынбасары Ержан Жылқыбаев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевке облысты қажетті дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін арнайы бақылауда ұстауды тапсырды.

— Барлық жағдайлар ескеріліп, коронавирустың екінші толқынына өте мұқият дайындалу керек. COVID-19-ға қарсы күресте барлық ресурстарды жұмылдыру маңызды. Әскери дәрігерлерді де тартуға болады. Біздің басты міндетіміз – азаматтарымыздың денсаулығын сақтау екендігін ұмытпағайсыздар, — деп сөзін түйіндеді аймақ басшысы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.