Коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы «жасыл» аймаққа, Алматы мен Маңғыстау облысы «сары» аймаққа өтті.
18 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына назар салсақ қазір:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Түркістан мен Жамбыл облыстары тұр.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 2901 адамнан коронавирус анықталды. Сонымен қатар, 4672 науқас ауруынан жазылып шықты.
Қазір Қазақстанда 70 984 адам COVID-19-дан емделуде, олардың ішінде 13 087 пациент стационарда, 57 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
1 041 адамның жағдайы ауыр, 276 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.
189 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Дереккөз: https://kaz.nur.kz/society/1932693-koronavirus-zambyl-oblysy-zasyl-aimaqqa-otti/