27 ақпан «Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні» болып белгіленген. Осы атаулы күнге орай, 2021 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ш.А.Сұлтанхан облысымыздағы үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланып, ұсыныстары тыңдалды.
Іс-шара соңында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға елеулі үлес қосып жүрген бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері алғыс хатпен марапатталды.
Олардың қатарында «Қазақстан болашағы үшін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Ғ.С.Исатай, «Жамбыл облысы әйелдер күштері альянсының» төрағасы – А.Р.Қайназарова, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің төрағасы – И.Д.Дастан және «Панорама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы- Қ.М.Меклисов бар.
Департамент басшысы марапатталған азаматтарға ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріне табыс тіледі.