• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
07.08.2026, 16:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҮКІМЕТ КОМИССИЯСЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

turan_admin turan_admin
10.02.2020, 18:24
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
ҮКІМЕТ КОМИССИЯСЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
2.3k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қордай ауданында орын алған жағдайға байланысты бүгін Сортөбе ауылында брифинг өтті. Онда  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен облыс әкімі Асқар Мырзахметов БАҚ өкілдеріне қақтығыс зардаптарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды, бүгінгі күннің  дәл осы сағаты бойынша түскен мәліметтерді баяндап, олардың жолдаған сауалдарына толыққанды жауаптар берді.

Б.Сапарбаев қазіргі таңда Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Қарасу, Ауқатты ауылдарының барлық кіріс-шығыстарына блог-постар қойылып, көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, соңғы тәулік ішінде Қордай, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе шекара бақылап-өткізу бекеттерінен 4454 адам ҚР аумағына қайт оралғандығын айтты.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қақтығыс салдарынан 36 тұрғын үй мен 11 кооммерциялық нысан және 44 автокөлік өртенгендігін тілге тиек етіп, алдын-ала жасалған есептеулер бойынша келтірілген залал көлемі анықталып жатқандығына назар аудартты.

Аймақ басшысының айтуынша, аталған ауылдарда зардап шеккен азаматтармен жұмыс жасау мақсатында арнайы топтар құрылып, мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары ұйымдастырылған. Ол арқылы өткен тәуліктің ішінде  22 азаматқа жеке куәлік, 17 азаматқа туу туралы куәліктер  беріліп үлгерілген. Асқар Исабекұлы бүгінгі таңда көше бойындағы өртенген автокөліктерді, қоқыстарды тазалау жұмыстарын толық аяқталғанын,  оған 30 техника мен 125 адам жұмылдырылғанын хабарлады. Сонымен қатар, барлық әлеуметтік нысандар, сауда орындары мен дәріханалар қалыпты жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 7-ші ақпан күні Қордай ауданындағы  Қаракемер, Масаншы, Бұлар батыр ауылдарында болған қақтығыс нәтижесінде 176 адам ауруханаға жүгініп, 41-і жатқызылса, 10-ы қаза болды. Зардап шеккендерге барлығы 39 дәрігер көмек көрсетіп, қайтыс болғандардың  отбасыларына көңіл айту, қол ұшын беру шаралары ұйымдастырылған. Үкіметтік комиссия мүшелері вице-премьер Б.Сапарбаев пен облыс басшысы А.Мырзахметов марқұмдардың жерлеу рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Қақтығыс болған күні төтенше жағдай департаментімен  19 техника, 80 адам жұмылдырылған. Ал жағдайды бақылау үшін барлығы 1968 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 130-ға жуық әскери техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, аймақ басшысы Асқар Исабекұлы оқиға орын алған күннен бастап аталған ауылдарға арнайы барып, жағдайды өз бақылауына алған болатын.  Тұрғындармен кездесіп, сабырға шақырып,  тараптардың пікірлеріне құлақ түріп жүрген аймақ басшысы барлық қалпына келтіру шаралары сапалы әрі шұғыл атқарылуына көңіл бөлуде.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15
Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07
«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46
ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды

ChatGPT Edu және цифрлық білім: «Әділет» Жамбылдағы кездесуде жаңа бастамаларын таныстырды

06.08.2026, 22:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Халық үні»: басты міндет – сайлаудың ашықтығын бақылау

07.08.2026, 13:12

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы ауқымды кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда

07.08.2026, 11:15

Жамбылда II тоқсанда қанша мемлекеттік қызмет көрсетілді?

07.08.2026, 11:07

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

«Әділет» партиясы Таразда еңбек адамын қолдау және әлеуметтік қорғау бастамаларын таныстырды

07.08.2026, 08:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.