• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:50
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Үкімет басшысы жеке меншік мектептерге мораторий жариялады

Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес, Салық кодексі бойынша жұртшылық пен бизнес тарапынан түсетін ұсыныстарды жинақтап, мұқият талдау жүргізеді

turan_admin turan_admin
21.01.2026, 16:52
Қазақстан жаңалықтары
Балаева Ұлттық құрылтайдың V отырысында берілген тапсырмалардың орындалу туралы баяндама етті
319
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын, оның ішінде жаңа Салық кодексін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асырудың түйінді шарттарын атап өтті.

Жаңа Салық кодексі өзгермейтін қағидалардың жиынтығы ретінде қабылданбауы керек, бұл туралы Президент ерекше атап өтті. Осыған байланысты Сізге, Серік Мақашұлы, жұртшылық пен бизнес тарапынан келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, мұқият талдауды тапсырамын. “Атамекен” ұлттық палатасының өкілдерін, экономистер мен сарапшыларды тарта отырып, жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеу керек. Бүгін Үкіметте осындай алғашқы кездесу өткізесіз. Өңірлерді де осы жұмысқа белсенді тарту қажет. Қоғамның көтеріп отырған мәселелерін жедел қарау керек. Нәтижесі бойынша нақты ұсыныстар енгізіңіз, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Цифрландыру бағытында науқаншылыққа, көзбояушылыққа жол берілмесін — Премьер-министр нақты іс-әрекет, нақты нәтиже керектігі туралы

Мемлекет басшысы өз сөзінде цифрландыруды жедел дамыту мен жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті. Нақты айтқанда, елімізді жаһандық цифрлық экономиканың экожүйесіне кіріктіру міндеті қойылып отыр. Жасанды интеллект министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге әзірленіп жатқан «Digital Qazaqstan» бағдарламасында цифрландырудың үздік тәжірибелерін енгізу арқылы мемлекеттік функцияларды оңтайландыруды қарастыруы қажет.
Еліміздің энергетикалық балансын ескере отырып, сенімді әрі қауіпсіз IT-инфрақұрылым қалыптастыруды қажет ететін Ауқымды цифрлық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Ауқымды цифрлық жобаларды жүзеге асыру еліміздің энергетикалық балансын ескере отырып, сенімді әрі қауіпсіз IT-инфрақұрылым қалыптастыруды қажет етеді. Екібастұздағы деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құру жобасын шұғыл түрде іске асыру керек. Жалпы цифрландыру бағытында науқаншылдыққа, көзбояушылыққа жол берілмесін. Нақты іс-әрекет, нақты нәтиже керек.
Үкімет жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу жөнінде ұсыныстар дайындайды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Президент Ұлттық құрылтай барысында авиация саласын дамытуға және отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударғанын айтты. Сондай-ақ теміржол саласында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді. Президент көлік саласын дамытуға ерекше тоқталып өтті. Көлік министрлігіне “Самұрық-Қазына” қорымен бірге бір апта мерзімде жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу және ұлттық карго-тасымалдаушының алдағы қызметі жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Көлік және Энергетика министрліктері, “Қазмұнайгаз” компаниясы, мүдделі мемлекеттік органдар авиаотын бағасының, сондай-ақ отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырсын. Теміржол саласында биыл “Қызылжар – Мойынты”, “Дарбаза – Мақтаарал”, “Алтынкөл – Жетіген” және “Жезқазған – Сексеуіл” жобаларын аяқтау қажет
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде алаяқтыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін атап өтті.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау және алаяқтармен күрестің тиімділігін арттыру бойынша айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шараларға назар аударды.

Құрылтай отырысында «Заң мен тәртіп» қағидатының өзектілігі мен басымдығы тағы да атап өтілді. Атқарылып жатқан жұмысты күшейту қажет. Ішкі істер министрлігі 20 ақпанға дейін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік, экономикалық және цифрлық салалардағы алаяқтық фактілері мен схемаларын анықтау, жолын кесу және ашу бойынша жүйелі шаралар әзірлеуі тиіс. Сонымен қатар иммиграциялық алаяқтықтың, шетел азаматтарының заңсыз тұруын заңдастыру арналарының жолын кесу жөнінде қосымша шаралар әзірлеген жөн. Біз заң үстемдігін және құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпас қағидатын сақтау бойынша барлық деңгейде тұрақты жұмыс жүргізуіміз керек, — деп атап өтті Премьер-министр.

Үкімет дәстүрлі құндылықтарды қорғау және мәдени саланы дамытуды күшейтуде — Олжас Бектенов салалық ведомстволарға тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтай барысында дәстүрлі құндылықтарды қорғау, неке және отбасы институтын нығайту, мәдениетті дамыту саласындағы Президент қойған міндеттерді жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Президент дәстүрлі құндылықтарды қорғау, неке және отбасы институтын нығайту, зиянды нәрселерді, ерсі қылықтарды насихаттауға тосқауыл қою қажеттігін атап өтті. Әділет министрлігі мен барлық мүдделі мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізіп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс. Президент мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Мәдениет министрлігіне мемлекеттік рәміздерді пайдалануды реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырамын. Мәдениет, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері Алматы, Ақтөбе, Қызылорда және Абай облыстарында театр құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етсін және Алматы қаласындағы театрлардың реконструкциясын жыл соңына дейін аяқтасын. Мәдениет министрлігі биыл Қазақстанның бірқатар нысанын және Абайдың “Қара сөздерін” ЮНЕСКО тізіміне енгізу рәсімін жүргізсін. Осы жұмыстың барлық кезеңін жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Білім берудегі жан басына шаққандағы қаржыландыруды реформалау: Премьер-министр Олжас Бектенов жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтай барысында Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетігін реформалау жөнінде шаралар қабылданатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетігін шұғыл реформалау, сондай-ақ қаржыландырудың нақты критерийЛерін әзірлеу міндетін қойды. Оқу-ағарту министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізуді тапсырамын. Мемлекеттік қаржыландырумен өңірлердің оқушы орындарына деген шұғыл қажеттілігін жабатын жекеменшік мектептер ғана қамтамасыз етілгені жөн. Қымбат элиталық мектептерді қаржыландыруды тоқтату керек. Оқу-ағарту министрлігі бір айдың ішінде жекеменшік оқу орындарының жаңа стандарттарға сәйкестігі тұрғысында лицензиядан кейінгі бақылау жүргізсін. Нәтижесі бойынша ақпарат енгізілсін, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы елді ауқымды жаңғыртудың бірыңғай ұзақмерзімді стратегиясына енгізілген

 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы шешімді қолдағанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы Үкіметтің шешімін қолдады. Тиісті тексерулер басталып кетті. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады. Медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесі осы жылдың 1 шілдесіне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне интеграциялануға тиіс. Бұл қаражатты пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Президенттің барлық тапсырмасын жүзеге асыру елімізді ауқымды жаңғыртудың бірыңғай стратегиясына енгізілгені және барлық құрылымның үйлесімді жұмысына байланысты екені баса айтылды.

Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы елімізді ауқымды жаңғыртудың бірыңғай ұзақмерзімді стратегиясымен үндесіп жатыр. Оларды жүзеге асыру барлық құрылымның нақты әрі үйлесімді жұмысына байланысты. Әрбір басшы дербес жауапты болады. Президент тапсырмаларының орындалуын тікелей өзім бақылауға аламын, — деп атап өтті Премьер-министр.

Тегтер: Олжас БектеновҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.