• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Үкімет басшысы су тасқыны жайында: Келесі міндет – Атырауды қорғау

Олжас Бектенов атап өткендей, қабылданған шаралардың арқасында БҚО-ны жойқын су тасқынынан сақтай алдық. Енді келесі міндет – Атырауды қорғау

29.04.2024
0
Үкімет басшысы су тасқыны жайында: Келесі міндет – Атырауды қорғау
52
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов еліміздің батысындағы су тасқыны жағдайы бойынша жедел кеңес өткізді, онда өңірді ауқымды тасқыннан қорғау мақсатында ұзақ уақыт бойы күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет басшысы Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді жылжып келе жатқан тасқын сулардан барынша қорғау міндетін қойды. Үкіметке Батыс Қазақстан облысындағы секілді жұмыс ұйымдастыру тапсырылды, онда су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын, жеткізілген инженерлік техникаларды ескере отырып, 14 өңірден жұмылдырылған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ауқымды шығынға жол бермей, су тасқынын еңсеруге мүмкіндік берді.

БҚО-дағы жұмысқа 11 мыңнан астам адам және 2 мыңға жуық техника тартылды. Ұзындығы шамамен 150 км болатын қорғаныс бөгеттері салынды, 1,3 млн құм толтырылған қапшық төселді.

Орал қаласында 18 тұрғын үй алабын бойлай тұрғызылған бөгеттер қауіпсіздікті толық қамтамасыз етті. Қаланың тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандарына су жеткен жоқ. Су басқан бау-бақша серіктестіктері мен Жайық өзенінің алқабында орналасқан бірқатар үйдің тұрғындары алдын ала қауіпсіз жерге көшірілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде 909 үйдің тұрғындары өз үйлеріне қайта оралды, 5 мыңнан астам мал басы қауіпсіз жерлерге жайылымға жіберілді.

Бүгінгі таңда облыстық жедел штаб пен су тасқыны салдарын жою жөніндегі комиссия 8 мыңға жуық өтінім жинап, мыңнан астам үйге бағалау жұмыстарын жүргізді. 1672 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.

«Су тасқыны жағдайы тұрақталып келеді. Батыс Қазақстан облысында су тасқынының шарықтау шегі болып өтті. Мұнда жұмысқа тартылған барлық бөлімшелердің үйлесімді жұмысын атап өткен жөн. Бірлескен іс-әрекеттердің арқасында 84 елді мекенді су басуға жол берілмеді, сондай-ақ өңірдегі су тасқынының салдары барынша азайтылды. Қазір үйлерді қайтадан су басу қаупі сейілді», — деді Олжас Бектенов. – Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, еріктілерге және су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан барлық жанашыр азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін».

Бүгінгі күннің басты міндеті — Атырау облысын су тасқынынан қорғануға дайындау. Күн сайын Жайық өзенінің су деңгейі көтеріліп келеді. Қауіпті белгіге дейін шамамен 100 см қалды.

«Қазір үлкен су көлемі Атырау облысына қарай ағып жатыр, алдағы күндері шарықтау шегі күтілуде. Барлық күштерді жұмылдырып, басқа өңірлерден қосымша күш тартқан Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін пайдаланған жөн. Су деңгейінің сағаттық мониторингін қамтамасыз етіп, қорғаныс бөгеттерінің ұзындығы мен биіктігін ұлғайту қажет. Біз өңірді қорғап, су тасқынына жол бермеуіміз керек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Бүгінде Атырау облысында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 13 мыңнан астам адам және 1 200-ден астам техника жұмылдырылған. Өңірде 500 км-ден астам бөгет салынды, оның ішінде Атырау қаласындағы тұрғын алаптардың бойында – 242 км, 4,8 млн-нан астам қапшықтар пайдаланылды. Өзен сағасында, Каспий теңізінде тереңдету жұмыстары жалғасуда: 1 408 м қазылып, 11 538 м3 топырақ алып тасталды. Қорытындылай келе, Үкімет басшысы негізінен ел бойынша су тасқыны қаупі сейілгенін атап өтті.

«Президент табиғи апаттан қираған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен азаматтарды қалыпты өмірге қайтару бойынша басым міндет қойды. Біз барлық күш-жігерімізді әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды салуға және жөндеуге, адамдарға өтемақы төлеуге бағыттауымыз керек. Барлық атқарылатын шаралар нақты әрі үйлесімді түрде жасалуы керек. Әкімдіктер тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккен тұрғындармен кездесуі керек», — деп қорытындылады Олжас Бектенов.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: АтырауҚР Премьер-МинистріОлжас Бектеновсу тасқыны
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
Конституцияның құқықтық мемлекеттегі рөлі

Конституцияның құқықтық мемлекеттегі рөлі

20.05.2025
Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу 1 маусымнан басталады

20.05.2025
Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

Дулати университетінің мүгедектігі бар 148 студентінің құқықтары бұзылған

19.05.2025
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай төмендеткен он елдің қатарына кірді

19.05.2025
Таразда дрон операторлары дайындалады

Таразда дрон операторлары дайындалады

19.05.2025
Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

Жамбыл облысы көкпардан ел чемпионы атанды

19.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты