• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Әкімдер, министрлік өкілдері

Қазақстанда азаматтар шенеуніктерге қарсы сотқа жиі жүгінетін болған

turan_admin turan_admin
22.08.2025, 11:55
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Әкімдер, министрлік өкілдері
33
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биыл алғашқы жартыжылдықта бірінші сатыдағы соттарға мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға қатысты шамамен 17,2 мың әкімшілік іс түскен. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 9,3%-ға көп. Мұндай істердің басым бөлігі (99,7%) — мемлекеттік компаниялардың немесе кейбір шенеуніктердің іс-әрекеттеріне қатысты талап-арызда

Қазақстандықтар көбіне қай мемлекеттік органдарға қарсы сотқа жүгінеді?

Мәліметке сүйенсек, бірінші сатыдағы соттарда қаралатын әкімшілік істердің басым бөлігі — әкімдерге, әкім аппараттарына немесе әкімдіктердің қарамағындағы ұйымдарға қатысты істер. 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта ҚСжАЕК есептерінде осындай 5,7 мың іс тіркелген. Мұндай істер бір жыл ішінде 23,7%-ға артты.

Талап-арыздардың саны бойынша екінші орында жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы тұр. Алты ай ішінде олардың заңсыз әрекеттеріне және/немесе әрекетсіздігіне байланысты сотқа 4,7 мың талап-арыз түскен. Азаматтар талап-арыз жиі түсіретін мемлекеттік органдардың үштігіне Қаржы министрлігі де ілікті. Министрліктің мұндай «беделге ие болуына» оған бағынышты Мемлекеттік кірістер комитетіне қарсы берілген 1,5 мың талап-арыз себеп болды.

Жарты жыл ішінде ешбір сот арыз түспеген орталық мемлекеттік органдар тізіміне Сенат пен Парламент Мәжілісі, конституциялық сот аппараты кірген.

 

Даулардың түрлері бойынша ең жиі кездесетіні — сот орындаушыларына қатысты істер. Екінші орында жер дауы. Алты ай ішінде қазақстандықтар жердің меншікке немесе жалға берілуіне қатысты шенеуніктерге қарсы 1,8 мың рет сотқа жүгінген. Ең көп таралған даулардың үштігіне мемлекеттік сатып алуларға қатысты істер де енді: 1,8 мың іс.

Нәтижесі қандай?

«Кейінгі жылдары қазақстандықтардың шенеуніктерге қарсы сотқа жүгінуі айтарлықтай артты. Көп жылдық динамика бойынша әкімдіктер мен министрліктерге қарсы сот істері екі есе өскен. Егер 2021 жылы мемлекеттік органдарға қарсы небәрі 14,5 мың талап-арыз берілсе, былтырдың қорытындысы бойынша олардың саны 32,9 мыңға жетті», — дейді сарапшылар.

Мәлімет бойынша берілген талап-арыздардың бәрі бір кезеңде қаралмайды, кейде олардың қаралуы кейінге шегеріледі. Биылғы қаңтар-маусым айларында берілген 17,2 мың талап-арыздың тек үштен бірі, яғни 5,1 мыңы шешім шығару арқылы қаралған. Бұл істердің 53,6%-ы талапкерлердің мүддесіне шешілген. Ал қаралған істердің жартысына жуығын сот қанағаттандырмапты.

«Мемлекеттік органдарға қарсы жеңіп шыққан істердің үлесі әр ведомствода әртүрлі. Мысалы әкімдіктерге қарсы талап-арыздардың 65,7%-ы талапкерлердің пайдасына шешілді. Бас прокуратураға қарсы сот ісінде жеңіп шығу мүмкіндігі аз: бірінші сатыдағы сот мұндай істердің небәрі 7,7%-ын талапкерлердің пайдасына шешкен», — деп жазылған хабарламада.

 

Тегтер: Қазақстан
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.