• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Күзгі шақырылымда 3000 сарбаз әскери борышын өтемек

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шекара күзеті департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Серік Ахметқалиев Шекара қызметінің 2023 жылдың І жартыжылдығындағы қызметтік-жауынгерлік іс-қимыл қорытындысын жариялады.

turan_admin turan_admin
16.08.2023, 22:18
Қазақстан жаңалықтары
Күзгі шақырылымда 3000 сарбаз әскери борышын өтемек
91
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан асады. Еліміз Қытай, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстанмен шектеседі. Сондай-ақ мемлекеттік шекара сызығы Каспий теңізі бойымен Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан арқылы да өтеді. Қазақстанның геосаяси орналасуы Орта Азия ішіндегі аймақтарға тән қауіп-қатерлердің кең спектрін қамтиды, деді Шекара қызметінің өкілі. Оның ішінде заңсыз көші-қон, есірткі трафигі, контрабанда, діни экстремизм мен терроризмді айтуға болады.

Шекара қызметі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып аталған қауіптердің алдын алуда. Қазақстан шекарасы табиғи ерекшеліктеріне байланысты теңіз, өзендер және өзге де су айдындары, таулы аймақтар, шөлді, құмды жерлер, теміржол және тас жолдар бойымен өтеді. Халық аз қоныстанған ауқымды аумақтар мен елді мекендер көп шоғырланған экономикалық тұрғыдан дамыған өңірлер де шекара бөлімшелерінің қорғауында.

«Шекараны күзету мәселелері бойынша іргелес мемлекеттердің шекара ведомстволарымен ынтымақтастық белсенді жүргізілуде. Шекара периметрі бойынша серіктестермен екіжақты келісімдер шеңберінде жұмыс жасаймыз. Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету бойынша мәселелерді жедел шешуге тырысамыз», – деді С. Ахметқалиев.

Ол инженерлік жабдықтау дәрежесі мемлекеттік шекарадағы жедел жағдайға, ол жердегі қауіп түрлеріне, қарқынына, көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарға байланысты реттеліп отыратынын айтты. Шекараны қорғау шаралары үнемі жетілдіріліп отырады.

«2023 жылдың І жартыжылдығында қабылданған шаралар мемлекеттік шекараны күзетудің тиімділігі мен оңтайлылығын арттыруға бағытталды. Қазақстан мен Қырғызстан шекара өкілдерінің қызмет учаскелері туралы хаттама, 2023 жылғы 27 ақпандағы Заң және Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан үкіметінің арасындағы Қазақстан-Түрікменстен мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім ратификацияланып, күшіне енді. Осы бағыттарда нақтылайтын және шекаралық мәселелерді реттеуге бағытталған норма шығармашылық жұмыстар жүргізілуде», – деді департамент бастығының орынбасары.

Есептік кезеңде шекарашылар мемлекеттік шекарада 1183 құқық бұзушылықты анықтап, жолын кескен. Атап айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабына сәйкес ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін 68 адам, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 510-бабына сәйкес шекара аймағында шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзғаны үшін 703 адам, осы кодекстің 512-бабына сәйкес ҚР аумақтық суларының, теңіздің және ішкі суларының режимдерін бұзғаны үшін 68 адам, осы кодекстің 514-бабына сәйкес ҚР мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін 344 адам жауапкершілікке тартылған.

Баспасөз брифингі барысында turaninfo.kz ақпарат агенттігінің редакциясынан арнайы сауал жолданған болатын. Сұрақтарымызға ҚР ҰҚК ШҚ тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары – кадрлар басқармасының бастығы, полковник  Беріков Ерік Берікұлы жауап берді.

— Қазіргі таңда еліміздің жер жерінде әскерге алып кету жұмыстары даулы болып жатыр. Осыған орай, шекара қызметінің беделін көтеруге, жас ұрпақты шекарашы болуға қандай нақты үгіт насихат жүруде? Жүргізілсе нақты қанша бала өз еркімен әскерге келді?

— Әскери-патриоттық тәрбиелеу туралы да баяндамамда айтып кеттім. Бүгінгі таңда бізде 298 жас шекарашылар үйірмесі құрылған. Олардың құрамына орта мектептер мен кадеттер құрамынан 6000-нан астам оқушы кіреді. Сондықтан әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелері шекара қызметі тарапынан күнделікті жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көктемгі шақырым кезегінде 3000 жігіт әскери борышын өтеуге қабылданған болатын. Күзгі шақырылымға тағы да 3000 жас қарастырылады.

— Жамбыл облысы «Шөлдала» шекара аумағында Бекбол Мирашты суицидке итермелеу бойынша шекара застава басшысы ауысты. Осы жағдай үшін басшылық құрамнан кім қандай жауапқа тартылды?

— Өкінішке орай, былтыр тамыз айында өзіміздің сарбазымыз Мирастан айырылып қалдық. Тағы да осы сәтті пайдалана отырып жақын туыстарына көңіл айтамын. Бұл факт бойынша тергеу жұмыстары аяқталып Шымкент горнизоны бойынша әскери сотқа материалдар жіберілген. Қазіргі таңда, өздеріңіз білетіндеріңіздей, қылмыстың-процессуалдық кодекстік 201 бабына сәйкес тергеп, тексеру материалдарын жария ете алмаймын, — деп жауап берді Ерік Берікұлы.

 

Тегтер: әскери борышжарты жылға есепҚР ҰҚКредакция сауалы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.