• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:42
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Кәсіподақтар федерациясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды

turan_admin turan_admin
03.09.2019, 12:23
Облыс жаңалықтары
Кәсіподақтар федерациясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды
240
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Кәсіподақтар федерациясында Бақытжан Әбдірайымның төрағалығымен ҚРКФ Атқару комитетінің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің біріккен отырысында жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыттарды талқылау болды. 

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында мемлекет пен қоғам арасында сындарлы диалог құру арқылы еліміздің тұрақтылығын нығайтуға және өсіп-өркендеуіне  бағытталған шаралар негізге алынғанын атап өтті. 

Отырыс барысында Атқару комитетінің мүшелері Мемлекет басшысы  көрсеткен өзекті бағыттардың Қазақстанның әрі қарай дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Жолдауда әлеуметтік саясат, мемлекеттік институттарды нығайту, азаматтардың құқығы мен тәуелсіздігін қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айрықша көрсетілген. 

Президенттің азаматтық қоғамды қолдап, ең өзекті жалпымемлекеттік міндеттерді талқылауға қатыстыру жөніндегі тапсырмасы ерекше атап өтілді. 

Атқару комитетінің мүшелері Жолдаудың әлеуметтік аспектілерін, соның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру, білім және мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселелерін жан-жақты талқылады. 

Бақытжан Әбдірайым кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелерін Жолдауда көрсетілген міндеттер аясында бірігуге және жүзеге асыру мақсатында нақты іс-шараларды қолға алуға шақырды. 

 Атқару комитетінің отырысы барысында әлеуметтік-еңбек қатынастары саласын жетілдіруге қатысты бірқатар мәселелер қаралды. 

Атқару комитеті «Түркістан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігін құру туралы шешім қабылдады. 

Күн тәртібіне сай Атқару комитетінің мүшелері ҚРКФ Доктринасы жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру мәселесін талқылады. Бұл құжат аясында кәсіподақтардың идеялық бірігуі мен заман талаптарына сай  кәсіподақтар стратегиясын анықтауды қамтамасыз ету жоспарлануда. 

 Отырыс аясында әр салада ең төменгі еңбекақы деңгейін белгілеу арқылы Еңбек адамының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесетін еңбекақыны реттеуді қарастыратын 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімге өзгерістер енгізу туралы келісім жобасын дайындау бойынша жұмыс тобының құрамы бекітілді.

Сонымен қатар, ҚРКФ Атқару комитеті әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссия қарауына жіберу үшін бірқатар әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерін қарастырды. 

 

                                        Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.