• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Кәсіпкерлікке қолдау бар

06.01.2017
0
Кәсіпкерлікке қолдау бар
224
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы, Өңірлік кеңесі, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі және Іскер әйелдер кеңесі 2016 жылы атқарған жұмысын қорытындылады.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекованың айтуынша, отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында нәтижелі жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, Палата жанынан жергілікгі тауар өндірушілерді қолдау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке төрағалық ететін арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Нәтижесінде, үстіміздегі жылы отандық тауар өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін пайдалану көлемі 30,7 пайызға артқан. Жергілікті тауар өндірушілер бас мердігерлермен жалпы соммасы 945 668 408 теңге болатын 8 келісім шартқа қол қойған. Бұл жыл басынан бері құрылыс саласында жасалған келісім шарттардың 15,7 пайызын құрайды. Ал, бас мердігерлер мен отандық жеткізуші компаниялар 100 пайыз жамбылдықтар екен.

Қарлығаш Әмірқызының айтуынша, Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы облыс экономикасын дамытуға тың серпін бермек.

— «Кәсіпкерлікті дамыту картасы — өңірдің экономикалық ерекшелігін айқындап берген. Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы шешуші қадамдардың бірі болды деп айтсақ та болады. Бүгінгі таңда аталмыш картаға туризм, агроөнеркәсіп кешені, қызмет көрсету салалары бойынша жалпы сомасы 12,4 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба кіріп отыр,-дейді Қ.Аралбекова.

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына облысымыздан 72 компания қатысып, жеңімпаздар Астанада өткен республикалық көрме-байқауына жолдама алған. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үзідік тауар» аталымы бойынша «Жамбылгипс» АҚ жеңімпаз атанса, «Атамекен» ҚР ҰКП «Іскер» арнайы жүлдесін «Тараз былғары аяқкиім» ЖШС жеңіп алған. Сонымен қатар, баяндама барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы да кеңінен айтылды. «Жүргізілген зерттеу нәтижелері бүгінгі таңда облысымызда 68 ауыл шаруашылық кооперативі тіркелген және 40 ауылдық тұтынушы кооперативінің жұмысы тоқтап тұрған көрінеді.

Жиын барысында Карлығаш Әмірқызы ауыл кәсіпкерлерінің сауаттылық деңгейін арттыру бағытында атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы үстіміздегі жылдың шілде-қараша айлары аралығында агроөнеркәсіп кешенінің 13 басым бағыты бойынша 55 оқыту семинарын өткізген. Бұл семинарларға отандық және шетелдік білікті мамандар шақыртылған. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың шілде айында Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігінің қаржы басқармасының бірлескен жарғылық капиталы негізінде «Атамекен Тараз» шағын несие ұйымы» өз жұмысын бастапты. Бүгінгі таңда несие алу бойынша келіп түскен 34 өтініштің несие комитеті 26-сын қанағаттандырған.

Палата басшысының айтуынша, есепті мерзімде сервистік қызмет көрсету аясында 2739 шағын және орта бизнес субъектісіне 3780 қызмет көрсетілген. Сондай-ақ, палата мамандарымен сүйемелдеуге алынған 823 жобаның жалпы сомасы 2254,6 млн. теңгені құрайтын 565 жобасы оң шешімін тапқан. «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 915 адам кәсіпкерлік саласындағы білімін жетілдіріп, «Бизнес-Өсу» жобасына 120 адам катысқан. Ал, тәлімгерлік негізіндегі жобалық оқытулары 65 адам қатысып, оның 17-сі өз жобаларын Палатаның қолдауымен жүзеге асырған. Үстіміздегі жылы Кәсіпкерлер палатасына бизнес субъектілерінен құқық қорғау және әкімшілік кедергілерді жою бағытында 182 өтініш келіп түскен, оның 82-сі лайықты шешімін тапқан. Палатаға келіп түскен өтініштердің 10 пайызы орта бизнеске, 90 пайызы шағын бизнеске тиесілі екен. Есепт імерзімде Палата мамандары 22 сот отырысына қатысып, оның 80 пайызында кәсіпкерлер мүддесін қорғап шыққан. Жалпы сомасы 38 674 578 теңгені құрайды.

Палата мамандары прокуратура органдарымен бірлесіп те жемісті жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, облыс прокуратурасы жанынан құрылған жедел топтың құрамында 6 шақыртуға қатысып, оның 2-інде заң бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданыпты.

Адами капиталды дамыту бағытында дуальдық оқыту жүйесінің жол картасына 31 колледж енген. 197 кәсіпорынмен 27 мамандық бойьшша 992 келісім шарт жасалып, 2530 оқушы қамтылған. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен бір колледж ұжымдық басқаруға берілсе, екі кәсіпорында оқу орталықтары, орта мектептерде 46 кәсіптік бағдар кабинеті ашылған. Сондай-ақ, тауар экспорты бойынша 154 кәсіпкерге кызмет көрсетіліп, отандық тауар Өндірушілерге жергілікті маңызды қамту бағытында 180 сертификат берілген.

Тегтер: АралбековаЖамбыл облысыҚарлығашҚолдауНППпалатаТараз
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына  қойылған сұрықсыз  ескерткіші сүрілетін болды

Жамбыл облысындағы қазақтың соңғы ханына қойылған сұрықсыз ескерткіші сүрілетін болды

3
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

Бәйге! Бәйге! Бәйге! «Мәңгілік ел алыптары» атты эссе жазу интернет-байқауына қатысуға шақырамыз!

3
Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

Сериал өндірісі кемшіліктер арқылы дамиды – Ләззат Таныс­бай

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынады

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында бақ сынады

26.07.2025
Заңсыз дәрі саудасы бойынша бірнеше адам қылмыстық жауапқа тартылды

Заңсыз дәрі саудасы бойынша бірнеше адам қылмыстық жауапқа тартылды

26.07.2025
Түркістан облысында әкімдік ғимаратында төбелес болды

Түркістан облысында әкімдік ғимаратында төбелес болды

26.07.2025
«Отбасы құндылықтары: берік неке, жарқын болашақ» әлеуметтік жобасы бастау алды

«Отбасы құндылықтары: берік неке, жарқын болашақ» әлеуметтік жобасы бастау алды

27.07.2025
Пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберді – Қарағандыда сұмдық оқиға

Пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберді – Қарағандыда сұмдық оқиға

26.07.2025
Шу ауданы Белбасар ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді

Шу ауданы Белбасар ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді

25.07.2025
Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Ербол Қарашөкеев Шу ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

25.07.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский