• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 5,3 мыңнан астам грант беріледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

17.10.2023
0
Кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 5,3 мыңнан астам грант беріледі
192
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 734 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 50%-ы жастар. Қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін 5,3 мыңнан астам грант және 4,7 мыңнан астам жеңілдетілген микрокредит берілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Светлана Жақыпова Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 3,3 млн адамды, оның ішінде 2,3 млн жастарды жұмысқа орналастыруды, сондай-ақ жастар үшін қайтарымсыз гранттар мен жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер беру арқылы азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды қамтамасыз етуді тапсырғанын еске салды.

Жыл басында барлық өңірлердің әкімдерімен бекітілген 20 Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде Ұлттық жобалар, «10 мың халыққа 100 жұмыс орны», мемлекеттен субсидияланатын жұмыс орындары, жұмыс берушілермен ұсынылатын бос жұмыс орындары, халықтың еңбек мобильділігі бағдарламалары аясында жұмыспен қамтудың нақты шаралары бекітілген.

«Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде осы жылға 947 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту бойынша шаралар көзделген. 9 айдың қорытындысы бойынша 734 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл жылдық көрсеткіштің 77%-ын құрайды. Олардың ішінде жастардың үлесі 50% — ға жетеді. Қазіргі уақытта жұмысқа орналастырылған азаматтардың 76%-ы үшін зейнетақы аударымдары аударылуда, бұл олардың тұрақты түрде жұмыс істеп жатқандарын растайды», – деді министр.

Ол жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ұлттық жобаларды іске асыру аясында 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыс орындарының басым көпшілігі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» – 13 098, «Кәсіпкерлікті дамыту» – 11 489, «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» – 6 354 ұлттық жобалары шеңберінде ашылады.

Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналастырылған азаматтардың 45%-ын жастар (20 573 адам) мен мүгедектігі бар адамдар (1 961 адам) құрауда.

«9 айдың қорытындысы бойынша 228,7 мың адам жұмыс берушілер ұсынған орындарына орналастырылды. Оның 62%-ы ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы, құрылыс және өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылып отыр. Тұрақты жұмысқа орналастырылған азаматтардың 46%-ы жастар», – деді Светлана Жақыпова.

Мемлекет басшысының әрбір 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі бастамасын іске асыру аясында 212,9 мың кәсіпкерлік субъектісінде 278,5 мыңнан астам азамат жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылған адамдардың 4 мыңнан астамы мүгедектігі бар азаматтардың қатарынан болса, 161 мыңнан астамы жастардың қатарынан болып отыр.

Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 181,5 мың азамат жұмысқа орналастырылды, оның 44% — ын жастар құрайды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға – 114 843, әлеуметтік жұмыс орындарына – 16 908, жастар практикасына – 27 456, «Күміс жас» – 14 027, «Алғашқы жұмыс орны» – 7 859, «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары аясында – 406 азамат жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамтылған азаматтардың жалпы санының 50%-ға жуығы (365,8 мың) 35 жасқа дейінгі жастар. Сонымен бірге жұмыспен қамтылғандардың басым көпшілігі (49%) Түркістан (15%), Жамбыл (9%), Ақтөбе (7%), Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарының (6%) азаматтары.

Сондай-ақ, жасалып жатқан жұмыс нәтижесінде жұмыспен қамтылған азаматтардың 67 пайызының (490 мың) отбасы құрамында кемінде бір адам жұмыс істей бастады, 244 мың азаматтың отбасы құрамында екі және одан да көп адам жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 51%-ы ауыл тұрғындары», – деді Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, Министр Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жастарға микрокредит беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінгі таңда 7 116 өтінім қабылданды, оның ішінде жалпы сомасы 21,3 млрд теңгеге 4 734 микрокредит берілді.

Бұдан басқа, 418 бизнес-жоба өңірлік комиссиялардың қарауында және 637 өтінім Агрокредиттік корпорацияның өңірлік филиалдарының қарауында.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының келесі бағыты мемлекеттік гранттар беру болып табылады. Алғашқы екі лектің нәтижесінде халықтың осал топтары арасынан 5 316 азамат грант алды. Жалпы республика бойынша грант алушылардың басым көпшілігі көп балалы отбасылардың қатарынан – 2899 грант, мүгедектігі бар азаматтардың қатарынан 1038 адам, мүгедектігі бар баланы қараушылар қатарынан 631 адам, атаулы әлеуметтік көмек алушы 365 адам екендігін атап өту қажет.

«2 062 адам технологиялық жабдықты сатып алу үшін, 1 568 адам – ірі және ұсақ мал сатып алу мақсатында, 957 адам – еңбек құрал саймандарын сатып алу үшін гранттар алды», – деді Светлана Жақыпова.

ЕХӘҚМ басшысы Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес азаматтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге көшіру тетігі қайта қаралғанын айтты.

Қоныс аударуды ынталандыру үшін жұмыс беруші растаған жұмыс орны болған кезде жаңа орындағы тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде қаржылық көмек алуға құқық беретін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Осығын орай қазіргі таңда 7,5 мың. адам солтүстік және шығыс өңірлерге қоныс аударды, немесе жылдық жоспардың 87%-ы орындалды. Ішкі қоныс аударушылар негізінен Түркістан және Алматы облыстарының бұрынғы тұрғындары.

«Көшіп келген еңбекке қабілетті азаматтардың 73%-ы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 5,2 мың адам көшу шығыстарын өтеу үшін бір жолғы бір материалдық көмек алды. 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алды, 395 отбасы солтүстік өңірлерде тұрғын үймен қамтамасыз етілді», – деп түйіндеді сөз соңын Светлана Жақыпова.

Тегтер: гранттарЕңбекминікәсіпкерлікті қолдауСветлана Жакупова

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты