«Ізгілік елшісі» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Тараз қаласының 50 көпбалалы отбасының балаларына арнап жаңа жылдық кеш ұйымдастырды. Кешке департамент пен жоба қызметкерлерінің балалары да қатысты. Балаларға департамент тарапынан сыйлықтар үйлестіріп, түрлі қойылымдар қойылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.