Жамбыл облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстар мен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» Жамбыл облыстық құқық қорғау және мемлекеттік органдарының ведомствоаралық мәжілісі өтті.
Жамбыл облыстық прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесе мобилді топ құрып, осы уақытқа дейін 7000 астам профилактикалық жұмыстар өткізген.
Жамбыл облыстық прокурасы жасөспірімдерді спортқа, салауатты өмір салтын ұстауға тарту мақсатында параолимпиада чемпионы З.Габидулина, олимпиаданың куміс жүлдегері Е.Сметов, әлемнің үш дүркін чемпионы Д.Трубин, «Қазақстан барысы» Б.Ыстыбаев секілді спорт саңлақтарымен спорттық шаралар өткізген. Спорттық шаралар арқылы жасөспірімдер мен балалардың спортқа деген қызығушылығы артқан. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар тоқтамай жалғаса беретін болады.