Тараз қаласы № 2 сотында судья А.Ш.Қорабаеваның төрағалық етуімен ҚР ҚК-нің 108-бабымен /денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру/ айыпталып сотқа берілген Л-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушы Л. 2017 жылы 24 наурызда сағат 13:00 шамасында отбасымен бірге тұрып жатқан Тараз қаласында отбасылық жан-жал барысында өзінің заңды некедегі зайыбы Ә-ні ұрып-соғып, атап айтқанда ол жұдырықпен жәбірленуші Ә-нің шекесінен, көзінен ұрған, жерге ұрып жатқызып алып, шашынан ұстап жұлып, аяғымен басынан, мұрнынан, бүйрегінен және денесінің әр жерінен тепкен. Аталған соққылардан Ә-ге ауытқымай мұрын сүйектерінің жабық сынуы, бетінің, денесінің жоғарғы жағының және оң аяғының қанталауы, денесінің жоғарғы жағының және сол аяғының сырылып-жырылуы түріндегі «жеңіл» дене жарақаттарын келтірген.
Тараз қаласы № 2 сотының 21.06.2017 жылғы үкімімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Л. ҚР ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 56725 (елу алты мың жеті жүз жиырма бес) теңге айыппұл салу түріндегі жазасы тағайындалған.
Үкім заңды күшіне 26.06.2017 жылы енген.
TURANINFO.KZ