Гүлбаршын Қайратқызы Құланбаева «JAMBYL» телеарнасының директоры болып тағайындалды.
Гүлбаршын Қайратқызы 2001-2006 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ- нің «Әлем тілдері» факультетінде оқып, бітірген.
�Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалында редактор болып бастаған. 2014 жылға дейін аталған мекемеде аға редактор, шеф редактор қызметтерін атқарған.
�2014-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппараты баспасөз қызметінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі болып еңбек еткен.
�2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
�2019 жылы «ZhambylNews» ақпараттық агенттігінің бас редакторы қызметін атқарған.
2020 жылдың 26 қазанынан бүгінгі күнге дейін «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы қызметін атқарды.
�Г. Құланбаева Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаты, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Дереккөз-Жамбыл инфо