Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Астана қаласындағы Жамбыл облысы күндерінің соңғы күні.
Астаналықтар «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы маңындағы Ғашықтар саябағында таңертеңгілік «Тараздан тарту» атты тамаша мерекелік думанның куәгері болды. Шараға Жамбыл облыстық филармониясының Анна Вундер, Сұлужан Əбенова, Марғұлан Əлсейітов, Мадина Сағынбекова, Ғани Мәтебаев, Ақмарал Ахметова, Әсел Уашева, Бахром Муминов сынды бірқатар таңдаулы әншілері мен аудан өнерпаздары өнер көрсетті.
Өнерпаздар Астананың асқақ абыройы мен тарихи Тараз топырағының қадір қасиетін әнге қосып, концертке келген көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.
Шараның соңында халықаралық көрмеге турист ретінде келген италиялықтар Джузеппе Вердидің «Травиата» операсын ырғақты әуеніне би-билеп мәре-сәре болды. Мерекелік кештің соңынан туристтер мен облыс өнерпаздары естелік суретке түсті.
Арайлы Жақсылық.