• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:50
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өңірдегі қайғылы оқиғалардан кейін Оқу-ағарту министрі шұғыл кеңес өткізді

Жамбыл облысында балалар қауіпсіздігіне арналған кешенді бағдарлама енгізіледі

Turan Redaktor Turan Redaktor
16.09.2025, 15:55
Облыс жаңалықтары
Өңірдегі қайғылы оқиғалардан кейін Оқу-ағарту министрі шұғыл кеңес өткізді
25
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Күні кеше ҚР Оқу-ағарту министрлігінде Жамбыл облысында болған соңғы оқиғаларға байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары, білім басқармасы, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Полиция департаменті, Балаларды психологиялық қолдау орталығы, өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ «Өркен» балаларлың әл-ауқаты арттыру институтының өкілдері қатысты. Жергілікті атқарушы органдар өңірдегі ахуал туралы баяндады. Оқу жылы басталғалы облыста кәмелетке толмағандарға қатысты бірқатар қайғылы жағдайлар тіркелген. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы атап өткендей, өңірде мектеп ішінде де, мектептен тыс ортада да алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілмейді. Әсіресе психологиялық-педагогикалық қолдау жеткіліксіз, әлеуметтік қолдау шаралары әлсіз, әлеуметтік педагогтердің жұмысы да жеткілікті деңгейде іске асырылмай отыр. Осыған байланысты, министрдің тапсырмасымен 29 қыркүйектен бастап өңірге Республикалық ведомствоаралық мониторингтік топ жіберіледі. Оның нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және азайтуға бағытталған нақты іс-шаралары бар жергілікті Жол картасы әзірленеді. Сондай-ақ балалардың психологиялық қауіпсіздігі мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілетін болады.

«Біздің басты міндетіміз – мұндай қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермеу және әрбір балаға барынша қолдау көрсету. Балалардың қауіпсіздігі үшін мемлекет, мектеп, ата-ана және барлық жауапты құрылымдар күш біріктіруі қажет. Бұл бағыттағы алдын алу шаралары нәтижелі болуы үшін барша мүдделі тараптардың белсенді қатысуы маңызды. Оқу-ағарту министрлігі Жамбыл облысына барлық қажетті көмекті көрсетеді. Дегенмен, қабылданған шараларды жүзеге асыру – әрбір жергілікті басшының жеке жауапкершілігі», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Кеңес қорытындысы бойынша министр өңірде Балалардың құқықтарын қорғау басқармасын жедел ашуды, педагог-психологтардың санын көбейтіп, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді, Психологиялық қолдау орталығының және қамқоршылық органдарының қызметін күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ «Өркен» институты мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына өңір педагогтерінің кәсіби деңгейін көтеру үшін оқу ұйымдастыру міндеттелді.

Оқу-ағарту министрлігі

Тегтер: Ғани Бейсембаевзорлық-зомбылықҚР Оқу-ағарту министрлігімектепоқушысуицидшұғыл кеңес
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.