• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Инвестиция тартуға инвесторлар емес, біз мүдделіміз

turan_admin turan_admin
03.02.2021, 11:35
Облыс жаңалықтары
Инвестиция тартуға инвесторлар емес, біз мүдделіміз
220
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылық саласында 29,5 миллиард теңге тартылып, 2019 жылмен салыстырғанда өсім 113 пайызды құрады. 18 жоба іске асырылды десек, олардың бесеуі мал шаруашылығын дамытуға, алтауы – өнімді қайта өңдеуге, төртеуі – интенсивті бақтар құруға, үшеуі – құс шаруашылығына қатысты. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев кезекті аппараттық кеңесте аудан әкімдерінің саладағы инвестиция тарту ойынша әлсіз жұмыстарын сынға алды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов іске асырылған жобалар мен алдағы жоспарлар, сондай-ақ агросекторға инвестиция салуға кедергі келтіріп отырған мәселелер туралы жан-жақты баяндады.

Айталық, ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобасы іске асырылып жатқан Меркі ауданының Сұрат ауылдық округіндегі «Қарақат» жеке кәсіпкерлігі ет консервілерін өндіру цехын ашты. Жоба құны – 9,5 миллион теңге. Бүгінге дейін мұнда 10 мың банкі ет консервілері шығарылған. Қордай ауданында «ECO CHICKEN» ЖШС 27,5 миллион теңгелік бес шағын құс фермасын салды. Олармен   45 тәулік ішінде 15 тонна ет өндірілген. Өткен жылдың қараша айында сэндвич-панельдерден құрастырылған алғашқы модуль іске қосылды.

Маңызды жобалардың қатарында – «Жамбыл ет» ЖШС-нің ангус тұқымды 1000 бас ірі қара малын, «Агрофирма Туркмен» ЖШС-нің Қалмақ тұқымды 1575 бас аналық ірі қара мал басын сатып алуы да бар.

Сондай-ақ, «Медет» шаруа қожалығының базасында бес мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы іске қосылды. «Көкжайлау» шаруа қожалығының 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы жұмысын бастаса, «Еламан» шаруа қожалығы 500 бастан 5000 басқа дейін қой ұстайтын бордақылау алаңын салды. Жуалы ауданындағы «Бурное сүт компаниясы» ЖШС құны 31,5 миллион теңге болатын сүт-салқындату қондырғысын орнатып, кәсіпорынның өнімділігін арттырды.

Жаңатаста «Байтұр-2050» ЖШС қуаттылығы тәулігіне екі тонна болатын шағын сүт өңдеу цехының құрылысын аяқтады. Байзақ ауданыныңдағы «Қызыл Жұлдыз» шаруа қожалығы тәулігіне 15 тонна сүт өндіретін шағын сүт өңдеу цехын іске қосты. Өткен жылдың наурыз айында «Империя» ЖК-ның балмұздақ шығаратын зауыты да жұмысын бастады. Жоба құны – 800 миллион теңге.

Қайрат Амановтың айтуынша, 2021-2023 жылдары жалпы сомасы 213,5 миллиард теңге болатын 23 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 1037 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Мал шаруашылығы саласында 7,7 миллиард теңгенің алты жобасы, қайта өңдеу саласында – төрт жоба (140,3 миллиард), интенсивті бақтар бойынша үш жоба (10,9 миллиард), құс шаруашылығы бойынша – үш жоба (30 миллиард теңге) әзірленген. Бұдан бөлек, ірі көкөніс қоймаларын құру бойынша төрт жоба (32,7 миллиард теңге), ылғал үнемдеу технологияларын енгізу бойынша үш жоба (920 миллион теңге) бар.

«Аллель Агро» ЖШС-нің 13 құс фабрикасының құрылысы 90 пайызға аяқталған. Жылына сегіз мың тоннаға дейін құс етін өндіру жоспарлануда. «Әулие-Ата Феникс» ЖШС жыл соңына дейін 10 мың тонна құс етін  өндіруді, ал 2023 жылға қарай 12 мың тонна жобалық қуатқа шығуды көздеп отыр.

Жақын арада «GRAND FOODS PREMIUM» ЖШС жемістер мен көкөністерді қайта өңдеумен және консервілеумен  айналыспақ.

«Qyzylzsa» ЖШС өткен жылдың қараша айында қуаттылығы жылына 150 мың тонна болатын қант зауытының құрылысын бастады. Жобаның құны – 85 миллиард теңге. Бұл бойынша 300 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

2023 жылы «Farm Frites Kazakhstan» ЖШС фри картобын өндіруді қолға алмақ. Зауыттың қуаттылығы – жылына 70 мың тонна мұздатылған фри картобы.

«Матышев» ЖК көкөніс сақтау қоймасы мен консерві цехының құрылысын аяқтауға жақын.

Қ.Аманов жүзеге асуы жоспарланған жобалардың қатарында ең маңыздыларының бірі ретінде «Элнур Адил Групп» ЖШС-нің ұн және макарон өндірісі екенін атап өтті. Зауыт тәулігіне 120 тонна ұн және 22 тонна макарон өнімдерін шығарады. Бүгінде құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталған.

Ауылдық жерде бизнесті дамытудың маңызды тұсы – бос жерлердің болуы. Қ.Аманов сондай бос жерінің болмауы салдарынан Байзақ ауданындағы «Қарағанды Агроинвест-Т» ЖШС-нің жеміс-жидектер мен көкөністерді, бақша дақылдарын қайта өңдейтін азық-түлік өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі бойынша жобасының кідіріп тұрғанын тілге тиек етті. Жоба құны – 20,2 миллиард теңге. Жылына 103,7 миллион литр шырын, 25,9 мың тонна джем, 25,9 мың тонна кептірілген өнім шығару жоспарланған болатын.

«Goknur gida» ЖШС де бос жерге мұқтаж. Кәсіпорынның әзірге жеміс-жидек өнімдерін өсіруге арналған Меркі, Сарысу, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандарында бар болғаны бес мың гектар жері бар. Бірақ бұл жеткіліксіз. Осыған байланысты инвесторлар өндіріске бар-жоғы 8,1 миллиард теңге салып отыр.

Сонымен қатар, негізгілердің қатарында қуаттылығы жылына 100 бірлік болатын әртүрлі ауылшаруашылық техникаларын шығару жобасы да бар. Оны «Тараз Агро МашТорг» ЖШС жүзеге асырады. Ол бойынша соқалар, айналмалы тырмалар, бақшаларға арналған платформалар шығарылмақ. Ал биыл кәсіпорын жаңбырлатқыш қондырғылар өндірісін игеруге ниетті. Цехтың жаңа ғимаратының құрылысы ағымдағы жылдың екінші тоқсанында басталады.

Қайрат Амановтың оң болжамдарына қарамастан, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне агросекторға инвестиция тартуға қатысты көптеген сұрақтар жолдады.

Инвестициялар тарту мен ауылшаруашылық технологияларының жаңа түрлерін енгізіудін маңыздылығын атап өткен облыс әкімі әрбір жобаны мұқият зерделеуді, оны іске асыру барысында инвестордың қандай кедергілерге кез болып жатқанын анықтауды және қолдау көрсетуді тапсырды. Бердібек Сапарбаев биыл кем дегенде 34 миллиард теңге инвестиция тарту керектігін тілге тиек етіп, тиісті тұлғаларға тапсырма жүктеді.

— Ауыл шаруашылығы саласында инвесторларды тартуға қатысты ахуал ауыз толтырып айтарлықтай емес. Аграрлық өңір үшін 29,5 миллиард теңге инвестиция өте аз. Бізге сала инвесторларына деген жаңаша көзқарас қажет. Бұл басым бағыттардың бірі болуы тиіс, инвесторларды тарту үшін барлық жағдай жасалуы керек, — деді өңір басшысы.

Ол жеке инвестицияларды тарту әлеуметтік мәселелерді де шешудің тиімді көзі екенін баса айтты.

— Кабинетте отырып, өздеріңізді үлкен бастық сезінбей, ауылдық округтерге барыңыздар, адамдармен кездесіңіздер. Естеріңізде болсын, инвестиция тартуға инвесторлар емес, біз мүдделіміз,  — деді Бердібек Сапарбаев әкімдерге. 

Сонымен қатар, облыс әкімі суарудың заманауи технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.