• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ИНТЕРНЕТ ЖҮЙЕСІ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ШЕШІМІН ТАБУДА

turan_admin turan_admin
10.12.2020, 18:26
Облыс жаңалықтары
ИНТЕРНЕТ ЖҮЙЕСІ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ШЕШІМІН ТАБУДА
219
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Дүниеге дүрбелең орнатқан коронавирус инфекциясының салқыны білім саласына да тигені рас. Уайымсыз, сөмкесін қолына іле кетіп, дәріс алып, топталып думанды шараларға қатысқан оқушылар көзге көрінбейтін індетке тап болды. Көзімізге балпанақтай баланың бетперде тағып жүргені көңілімізге қаяу ұялатқанымен, денсаулық сақтау сарапшылары бетперде тағудың тиімділігін айтып, жиі құлағдар етті. Күннен күнге індетке бой түзеле бастағанымен, мұның ауыртпалығы жаңа оқу жылы басталғанда қылаң берді. Ауданымыздан шалғай орналасқан Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңаөткел, Өрнек, Ерназар, Ащыбұлақ, Шайдана ауылының тұрғындары пандемияға табандылық танытқанымен, дәстүрлі оқыту маусымына балаларын жіберуге қорықты. Олар елімізде індеттен сақтану бағытында қолға алынған қашықтықтықтан оқыту форматын қуана құптады. Ал бұл форматта білім алуға ғаламтор желісі ауадай қажет екенін айтпасақта түсінікті. Ауыл әкімдері де бұл жағдайдың алдын алу үшін «Қазақтелеком АҚ» аудандық бөлімшесінің табылдырығын тоздырғанын қынжыла жеткізді. Бөлімше мамандарының айтары интернет нүктелерінің тапшылығы. Ашып айтсақ, бауын тапса байлауын таппайтын мәселе екені анықталды. Осы сұранысты қанағаттандыруды көздеген аудан әкімі Сәкен Арубаев тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, ауданды ғаламтормен қамту қажеттігін жедел қолға алу керектігін басып айтты. «Амал іздеген жол табар» демекші, «Транстелеком» АҚ-ның Тараз қаласындағы «Жамбылтранстелеком» компаниясының дилері ұсынатын тиімді жобаны қолдаған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы компания қызметкерлерімен кездесіп, жобаның құрылымын егжей-тегжейлі талқылаған болатын. Бұл қыркүйек айы еді. Компания өкілдерімен тығыз байланыс орнады. Екі ай ғаламтор желісі тегін берілсе, келесі төлем 4000 мың теңге мен 6000 теңге аралығында болмақ. Жылдамдығы да жоғары (40 Мбит/с). Бұл тарифке қосымша 110 телеарналарға қосылуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – ауылдардан ғаламтор қажеттілігі бойынша өтініштер көп болуы қажет, – дейді компанияның басқарушы директоры Дархан Сәрсебайұлы
Қыркүйек айында бастау алған жобаға үш ай өтті. Нәтижесі қандай екенін анықтау мақсатында жоғарыда аталған ауылдарға бас сұққан болатынбыз. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, соңғы 3 айдың ішінде 555 өтініш иесі жылдам ғаламтор желісінің қызығын көріп отыр. Өрнек ауылында 332, Жұма ауылында 31, Ерназар ауылында 43, Жаңаөткел ауылында 38, Құмсуат ауылында 15, Тоғытарау ауылында 49, Ащыбұлақ және Шайдана ауылдарында 47 абонент бастаманың шарапатын көре бастаса, желінің жылдамдығына көзі жеткен тұрғындар компания өкілдеріне өтініш білдірудің сәтін күтіп жүр.
Бұл ғаламтор желісінің Жамбыл ауданындағы түйіні тарқытылып келеді дегенге саяды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.