• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
06.09.2026, 19:50
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауын бақылауға дайындықты бастады

23 тамызда Қазақстанда алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

turan_admin turan_admin
30.07.2026, 15:54
Азаматтық қоғам институттары, Қазақстан жаңалықтары
«Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауын бақылауға дайындықты бастады
44
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Елдегі жеті тіркелген саяси партия қатысатын науқан қарсаңында саяси белсенділік артып, қоғамдық бақылау институттары да жұмысын күшейте бастады. Бүгін белгілі журналистер мен саясаттанушылар құрған «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы алдағы сайлау процесіне қоғамдық бақылау жүргізетінін мәлімдеді.

Топтың құрамына саясаттанушылар Дос Көшім, Нұрболат Нышанбаев, Бақытжан Бұқарбай, журналистер Ермұрат Бапи мен Нұргелді Әбдіғани, қоғам қайраткері Бекнұр Кисиков енген.

Ұйымның мәлімдеуінше, олардың мақсаты – қандай да бір саяси күштің мүддесін қорғау емес, сайлаудың заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өтуіне қоғамдық бақылау жасау.

«Біздің міндетіміз – әрбір дауыстың заңға сәйкес саналуы, дауыс берушілердің құқықтарының қорғалуы және сайлау процесіне қатысушылардың барлығы үшін тең жағдайдың сақталуына ықпал ету», – делінген ұйымның үндеуінде.

Байқаушыларды даярлау басталды

«Халық үні» тобы қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейтін тәуелсіз байқаушыларды іріктеу және оқыту жұмыстарын бастап кеткенін хабарлады.

Топ жетекшісі, саясаттанушы Нұрболат Нышанбаев қоғамдық бақылау демократиялық институттарды нығайтудың маңызды тетігі екенін айтты. Оның сөзінше, ұйым 2022 жылғы республикалық референдумнан бері елдегі ірі саяси науқандарға қатысып келеді.

– Біз бұған дейін республикалық референдумда, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында, кейінгі конституциялық референдумда қоғамдық бақылау жүргіздік. Биылғы Құрылтай сайлауында да заң талаптарының сақталуына және сайлаудың ашық өтуіне қоғамдық бақылау жасауды жоспарлап отырмыз, – деді Нұрболат Нышанбаев.

«Әр бюллетень – халықтың үні»

Журналист әрі саясаттанушы Нұргелді Әбдіғани қоғамдық бақылау азаматтардың сайлауға деген сенімін қалыптастыратын маңызды құрал екенін айтты.

Оның пікірінше, өткен сайлау науқандары кезінде түрлі заң бұзушылықтар қоғам назарынан тыс қалған жоқ. Сондықтан бақылаушылардың міндеті – әрбір бюллетеньнің әділ саналуы мен заң талаптарының орындалуын қадағалау.

«Бақылаушы болған адам саясатқа басқаша қарайды»

Қазақстандағы тәуелсіз бақылаушылар қозғалысының алғашқы өкілдерінің бірі Дос Көшім бақылаушылық қызметпен айналысып келе жатқанына 29 жыл болғанын айтты.

Оның сөзінше, қазіргі кезде бақылаушыларды сапалы даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Ұйым арнайы әдістемелік құралдар әзірлеп, бақылаушыларға дауыс беру күні мен дауыстарды санау процесінде жұмыс істеудің тәртібін түсіндіреді.

– Сайлауды өз көзімен бақылаған адамның саясатқа деген көзқарасы өзгереді. Ол сайлаудың қалай өткеніне өзі баға береді. Бұл – азаматтық сананы қалыптастыратын маңызды тәжірибе, – деді Дос Көшім.

Азаматтық қоғамның рөлі

Журналист Ермұрат Бапи тәуелсіз бақылаушылар қозғалысы Қазақстандағы азаматтық қоғамның маңызды институтына айналғанын айтты.

– Біздің мақсатымыз – қай партияның жеңетіні емес. Ең бастысы – урнаға түскен әрбір бюллетеньнің әділ әрі ашық саналуы, – деді ол.

Ал саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай қазіргі саяси реформалар кезеңінде қоғамдық бақылаудың маңызы артып отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, Құрылтай сайлауы жаңа саяси институттың қалыптасуындағы маңызды кезеңдердің бірі болмақ.

Айта кетейік, 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына Қазақстандағы жеті тіркелген саяси партия қатысады. Сайлау қарсаңында қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз бақылаушылар сайлау процесінің ашықтығы мен заң талаптарының сақталуын бақылауға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тегтер: turaninfo.kzБақытжан БұқарбайДос Көшімжастар үніжурналистер Ермұрат БапиНұрболат НышанбаевНұргелді Әбдіғанихалық үні
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.