• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:01
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Германиядан кәсіпкерлер делегациясы Жамбыл облысына келуді жоспарлауда

turan_admin turan_admin
17.09.2020, 17:04
Облыс жаңалықтары
Германиядан кәсіпкерлер делегациясы Жамбыл облысына келуді жоспарлауда
427
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Алматы қаласындағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы Кристиана Маркертпен кездесті.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кристиана Маркерт Қазақстанда өткен жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеуде. Оның Жамбыл облысына сапары бірнеше ай бұрын жоспарланғанымен, бірақ пандемияға оған жол бермеді. Оның айтуынша, соңғы бес — жеті жыл ішінде Германияның Бас консулдығының бірде-бір өкілі Жамбыл өңіріне келмепті.

— Маған Тараз қатты ұнады. Жамбыл облысының немістер қоғамымен танысу ерекше әсер етті. Немістердің өздерін Қазақстанда қалай еркін сезінетіндігі, ана тілінде сөйлеп, мәдениетін сақтай алатындығы мені қуантты, — деп атап өтті Бас консул.Облыс әкімі Германия мен Жамбыл кәсіпкерлерінің жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

— Өңірлер біздің елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосуда. Әсіресе, экономика, инвестициялар тарту салаларында. Бүгінде біздің облыста Германияның екі компаниясы жұмыс істеуде. «Monterro Qazaqstan» ЖШС қымбат металдарды өндірумен айналысады. Инвестиция көлемі – 600 миллион еуро. Компания облыс аумағында 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Алайда әзірге құжаттарға қатысты жұмыстарда біршама қиындықтар туындауда. Бұл бойынша мен Қазақстандағы Германия Елшісіне тиісті құжаттаманы ресімдеу бойынша көмек сұрап жүгіндім. Тағы бір неміс компаниясы биогаз қондырғыларымен айналысуда, — деді облыс әкімі.

Кристиане Маркерт көптеген елдердің экономикасына айтарлықтай соққы болған пандемияның аймақ экономикасына қалай әсер еткенін сұрады.

Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, пандемия айтарлықтай залал әкелмеді.

— Пандемияға қарамастан экономика өсімі өткен жылмен салыстырғанда 100,5 процентке қамтылды. Жұмыс орындарын жаппай қысқарту, жалақыны кешіктіру деректері болмады,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Экономикалық әріптестікке қатысты айтар болсақ, келер жылдың наурыз-сәуір айларында Жамбыл облысына Германия Бас консулдығының экономикалық делегациясы келуді жоспарлап отыр.

— Мен Баварияда туып, өстім. Ол жақтағы кәсіпкерлер де биыл қазан айында Қазақстанға келмек болды. Бірақ пандемия жоспарды бұзды. Айта кетерлігі, бавариялық делегация ауыл шаруашылығы саласына басымдық беруде. Менің білуімше, Қазақстан аграрлық саланың дамуына көп қаражат қарастырмақшы, — дейді К. Маркерт

Өз кезегінде облыс әкімі Бавария кәсіпкерлерімен орнатылған әріптестік қатынастың болашағы зор боларына үмітті екенін жасырмады.

— Мен Баварияда жұмыс сапарымен болғанмын. Ол жақта мықты ғылыми-зерттеу институттары бар. Олармен байланыс орнатсақ, жақсы болар еді. Біздің өңірге қызығушылық танытып отырғаны қуантады. Өзара әріптестік қос тарапқа да пайдалы екені даусыз. Ауыл шаруашылығы саласында тұқым, техника мен өнімді қайта өңдеу бағытында жұмыс атқаруға болады. Германияға тәжірибе алмасу үшін біздің мамандарды жіберген жақсы болар еді,- деп санайды Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы өңіріміздің неміс кәсіпкерлерімен баламалы энергия көздері саласында әріптестік орнатуға мүдделі екенін атап өтті.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.