Меркі аудандық полиция бөліміне Аққайнар ауылының 44 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз шағымында Германия мемлекетінде жүрген танысының «MINI Cooper» маркалы жеңіл автокөлігін қолжетімді бағада жеткізіп беремін деп, жалпы құны 7 500 000 теңге қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын, сондай-ақ, көлікті әкелмегенін, не қаражатын қайтармағанын көрсетті.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Меркі ауылының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсән толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.