Қазақстандық спортшы, жүзу бойынша халықаралық санаттағы Қазақстан Республикасының спорт шебері, Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиядалық жазғы ойындарда 100 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуден Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелген Зульфия Габидуллина Денис Тенмен қоштасу жиынына қатысты.
Спортшыдан сұхбат алудың сəті түскен еді.
— Сіз Денисті өмірде көргенсіз бе? Оның қандай азамат болғаны жайлы мінездеп бере аласыз ба?
-Иә Денисті көргенмін. Ол өте жақсы бала болатын. Осындай сүйікті ұлымыздан, үздік спортшымыздан айырылып қалғанымыз өкінішті. Бұл бәріміз үшін үлкен қайғылы хабар болды.
— Біздің қоғам чемпиондарымыздан ерте айырылып қалмауы үшін қалай әрекет етуі керек деп ойлайсыз?
— Тек қана чемпиондар ғана емес, қарапайым адамдар, студенттер барлығы да өмір сүруге лайықты. Олар зардап шекпеуі қажет.
TURANINFO.KZ