Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде екенін растады, болжам «Тұрақты».
Қазақстанның рейтингін қолдайтын іргелі факторлардың қатарында елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақты фискалдық позиция, мемлекеттік борыштың төмендеңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге орташаұшырау атап өтіледі.
Fitch Ratings сарапшылары валюталық резервтердің одан әрі нығаюын, сондай-ақ импорттың қалыпты өсуі және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында ағымдағы шот тапшылығының қысқаруын болжайды.
Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының өсуіншектейтін жаңа фискалдық ережелер және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттерсалық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс.
Сондай-ақ, Fitch қайталама санкциялар салудың және олардың ҚР экономикасына ықпалының салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтеді.